Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХLVІ сессиясы) 2015 жылғы 10 желтоқсандағы "2016 - 2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 394/46 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 59/7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қазанда № 5243 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру гранты тағайындалсын.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;".

      2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев