Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 "2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/53 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 қарашада № 3166 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 17 қарашадағы №10 мемлекеттік тіліндегі "Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жаркемер ауылына көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-74 тіркелген, 2008 жылдың 10 желтоқсанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде:
      "және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардагы №45 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталынсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Батпақкөл ауылдық
      округінің әкімі Ж. Алданиязов