Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/434 "Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидалары туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/78 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 3248 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.02.2018 № 16/200 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/434 "Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидалары туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2944 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларында:

      2 параграф мынадай мазмұндағы 22-1 тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Жасыл екпелер және инженерлік коммуникациялар орналасқан ортақ пайданаланудағы жерлерде, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауындағы жағалықта мыналарға жол берілмейді:

      1) құрылыс материалдарын, топырақты, отындарды, көмiрдi және өзге де сусымалы материалдар мен жүктерді жинақтауға;

      2) көгалдарды, гүлзарларды, ағаш діңінің түптерін ластауға, сондай-ақ

      түрлі ұсақ-түйек қоқыстарды (қағаз, целлофан және қағаз қапшықтар, қабық, шиша, құты және тағы басқалар) қоқыс жәшігінен тыс жерге тастауға;

      3) осы мақсатқа арналып жабдықталған орындардан басқа жерде мал союға және оның ұшасын бөлшектеуге, от жағуға және отта тағам әзірлеуге, сондай-ақ басқа да өртке қарсы және санитарлық нормаларды бұзуға.".

      4 параграф мынадай мазмұндағы 44-1 тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Шағынаудандар ішінде, тұрғын үй орамдарының және жеке тұрғын үй салынған іргелес аумағында мынадай талаптар сақталады:

      1) кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сонымен қатар жеке үй иеліктерінің ішкі аумақтарында қоқыстарды, қатты тұрмыстық қалдықтарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, жапырақтарды, ағаш үгінділерін өртеуге, от жағуға жол берілмейді;

      2) тұрғын үй орамдары ішінде, тұрғын үйлер кіреберісінде және ортақ пайдаланудағы жерлерде, адамдардың жаппай демалу орындарында және жеке иеліктегі үйлер аумағының аула сыртында көлік құралдарын жууға, тазалауға, жөндеуге жол берілмейді.".

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Қазақбаев
      Облыстық
      мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлiгiнiң

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау

      Комитетi Маңғыстау облыстық аумақтық

      инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Қ.Ш. Мырзатов

      "_8_"____12_____ 2016 жыл

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі Тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау

      облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      департаменті" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Р.Т. Милибаева

      "_8_"____12_____ 2016 жыл.

      "Қазақстан Республикасы Ішкі

      істер министрлігі Маңғыстау облысының

      iшкi iстер департаментi"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Қ.С. Дәлбеков

      "_8_"___12_____ 2016 жыл

      "Маңғыстау облысының жер

      қатынастары басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Е.Д. Дүзмағамбетов

      "_8_"____12____2016 жыл

      "Маңғыстау облысының құрылыс

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      О.М. Аяпов

      "_8_"____12_____2016 жыл

      "Маңғыстау облысының сәулет және

      қала құрылысы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Н.М. Жайлау

      "_8_"____12_____ 2016 жыл

      "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар

      және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.О. Сағынбаев

      "_8_" ___12____ 2016 жыл