2016 жылға Жаңақорған ауданының аумағында тұратын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 325 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 наурызда № 5392 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 мамырдағы № 387 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 05.05.2016 № 387 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2016 жылға Жаңақорған ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рустемов

  Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы "11" ақпандағы
№ 325 қаулысына қосымша

2016 жылға Жаңақорған ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі

      1. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      2. Отбасында бірде-бір жұмыс істемейтін тұлғалар.
      3. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (12 ай және одан көп).
      4. Техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері.