Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылын қайта атау туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 624 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 26 қазандағы № 67 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қарашада № 5651 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №3 қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылы "Темірбек Жүргенов" ауылы болып қайта аталсын.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезектен тыс 8-сессиясының төрағасы
Қ. Бисенов
      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н. Байқадамов