Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2/22 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 2/17 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 мамырда № 3780 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10/101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 10/101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2/22 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттк тіркеу тізілімінде № 8-17-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 21 (10.382) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 17 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) бөлімге немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б. Төлеуқұлов