Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" ш

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы 3 сессиясының № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 мамырда № 3832 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 07.02.2024 № 5 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 12 сәуірдегі "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінің № 14 санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларының 2-тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      2) 26 –тармақ алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Ргебаев
      Мәслихат хатшысы А. Әли