Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 59/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қаласы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі 2 сессиясының № 2/4 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің 1 тармағы мемлекеттік тілде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3810 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырдағы № 3 "Стальная гвардия" газетінде жарияланған, 2016 жылдың 16 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ мемлекеттік тілде келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Қосымшаға сәйкес Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы |
В.Свиридов |
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы _______________ Д.Жүнісова |
13 шілде 2016 жыл