"Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №26-6 шешіміне өзгеріст

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 мамырдағы № 4-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 маусымда № 3114 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 55-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 13.05.2019 № 55-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2101 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы № 5 аудандық "Талас тынысы" газетіне жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      8 тармағының бірінші абзацы "- ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауырып, амбулаториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға 40 000 (қырық мың) теңге әлеуметтік көмек көрсетіледі" деген сөздер "- ең төменгі күнкөріс деңгейінің жеті еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің тізіміне сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулездің төзімді түрімен ауыратын, амбулаторлық емделуде жүрген адамдарға (отбасыларға) 6 (алты) ай мерзіміне 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      9 тармағының екінші абзацы "- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссия белгілеген 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі" деген сөздер "- ең төменгі күнкөріс деңгейінің жеті еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссия белгілеген 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі" деген сөздерімен ауыстырылсын.

      8 тармағы:

      "- көптеген дәрілік заттарға төзімді туберкулезбен ауыратын (IV топ) адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын, 12372 (он екі мын үш жүз жетпіс екі) теңге көлемінде" сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Несипбаев
      Мәслихат хатшысы А. Төлебаев