Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 08.08.2024 № 212 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2 тармақта:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Хромтау аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);";
1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
8) тармақша алып тасталсын;
17 тармақтың 6) тармақшасы және 18 тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Хромтау аудандық | Хромтау аудандық |
мәслихатының | мәслихатының |
сессия төрағасы | хатшысы |
Р.Исаев | Д.Молдашев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды | |
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар | |
басқармасының басшысы | |
____________________________Қ.Отаров | |
"____"________________20___ж. |