Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 08.08.2024 № 212 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 болып тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) аудандық мәслихатының шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 2 тарауында:
9 және 11 тармақшалары келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азматқа (отбасына), не оның мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;".
"11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;";
4 тарауда:
29 тармақтың екінші абзацында:
"2001 жылғы 23 қаңтардағы" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихат |
сессия төрағасы | хатшысы |
Н.Қарағұлов | Д.Молдашев |
______________ А.Әмірғалиев |