Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 526 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 5192 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 526 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 202 "Мемлекеттік орман қоры участкелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2904 тіркелген, 2004 жылғы 9 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 398 "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 202 "Мемлекеттік орман қоры участкелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3470 тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 57 "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 202 "Мемлекеттік орман қоры участкелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3833 тіркелген, 2014 жылғы 8 сәуірде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
      4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 163 "Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4351 тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
      5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 290 "Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5028 тіркелген, 2016 жылғы 10-11 тамызда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінде жарияланған).