Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 485 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 14707 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмелерінің қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы "___" ________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 15 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 қарашадағы
№ 485 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.04.2017 № 234 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.10.2020 № ҚР ДСМ-131/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12111 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында:

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 2-тарауының 6-9, 13-15-тармақтарының талаптарын бұзушылықтар метрологиялық нормалар мен қағидаларды бұзушылықтарға тең деп танылады, мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар оларды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар береді.".


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 қарашадағы
№ 485 бұйрығына бұйрығына
2-қосымша
  Міндетті медициналық қарап
тексеруді өткізу қағидаларына
4-қосымша

Міндетті медициналық дәрігерлік қарап тексерулерге жататын жұмыскерлердің тізбесі, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғаларды зертханалық және функционалдық зерттеулердің жиілігі мен көлемі

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.10.2020 № ҚР ДСМ-131/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 қарашадағы
№ 485 бұйрығына
3-қосымша
  Міндетті медициналық қарап
тексеруді өткізу қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

Міндетті медициналық қарап тексерулерге жататын адамдардың тізімі

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.10.2020 № ҚР ДСМ-131/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.