"Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 772 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 14700 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11114 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Экипаж еңбегін кеме капитаны 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Заңға және осы Жарғыға сәйкес ұйымдастырады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Теңізде қауіпті мұздарды, тасталып кеткен кемені және навигациялық қауіпті төндіретін басқа да заттарды кездестірген кезде не кеме қондырмаларының қатты мұздануына әкеп соғатын ауа температурасының шарттарында немесе теңіз дауылы туралы хабарлама алынбаған, күші 10 және одан жоғары баллдағы жел әсерінің астында қалған жағдайында бұл туралы капитан жақында жүрген кемелерге және жақын портқа хабарлайды.

      Ақпарат иелігіндегі бүкіл бар құралдармен еркін нысанда беріледі.

      Тасталып кеткен кемені шетел портына тіркеп сүйреу туралы тапсырма алғаннан кейін капитан бұл туралы өзі бағыт алуға ниеттенген Қазақстан Республикасының консулына және тиісті порт биліктеріне хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 200-1-тармақпен толықтырылсын:

      "200-1. Тәулік ішінде демалыстың ұзақтығы кем дегенде 10 сағатты құрайды, әр 7-күндік кезең ішінде – кем дегенде 77 сағат. Бұл ретте тәулік ішінде демалыс сағаттары 2 астам емес кезеңдерге бөліне алады, солардан біреуінің ұзақтығы кем дегенде 6 сағат құрайды.";

      258-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "258. Кеме экипажы мүшелеріне спирт ішімдіктерін ішуге, есірткі заттарды тұтынуға және алкогольдік немесе есірткілік мастану күйінде кемеде болуға жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ________________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 30 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      ________________ Е. Ыдырысов

      2016 жылғы 13 желтоқсан