"Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 577 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 қаңтарда № 14681 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10595 болып тiркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 577 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 160 бұйрығымен
бекітілген

Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер теңге/кВтсағ

Тобы

Жылдар бойынша энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер

2016

2017

2018

1-топ

8,8

8,8

8,8

2-топ

8,7

9,47

9,47

3-топ

7,5

7,5

7,5

4-топ

6

6

6

5-топ

8,05

8,05

8,05

6-топ

8,3

8,3

8,3

7-топ

7,3

7,3

7,3

8-топ

7,5

7,5

7,5

9-топ

7,6

7,6

7,6

10-топ

8,6

8,6

8,6

11-топ

13,63

14,18

14,18

12-топ

12,68

12,68

12,68

13-топ

4,5

4,5

4,5

14-топ

10,64

10,64

10,64

15-топ

8,3

10,64

11,13

16-топ

13,48

13,48

13,48

17-топ

-

14,68

14,68