"Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 295 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 14672 болып тіркелді

       "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. "Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7234 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты кейіннен мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне (С.С. Сарсенов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
      Министрі Д. Абаев