"Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 633 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 14638 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1624)) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтыру енгізсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілсін:

      1) мемлекеттік кірістер органдарымен есептелген салықтардың сомасы туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      2) тексеру нәтижелері туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      3) тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      5) салық берешегін өтеу туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      8) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша";

      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарын жою туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      10) салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      11) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарландыру нысаны, осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      12) салықтық тексеру жүргізу туралы хабарландыру нысаны, осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      13) салықтық тексеру актісіне қорытынды нысаны, осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      14) камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды нысаны, осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      15) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім нысаны, осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      16) бақылауды тағайындау туралы шешім нысаны, осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      17) бақылауды тағайындау туралы шешімге қосымша шешім нысаны, осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      18) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер және салықтар, өсімпұлдар бойынша берешегінің есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім нысаны, осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      19) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер және салықтар, өсімпұлдар бойынша берешегінің есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі актісінің нысаны, осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      20) мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі нысаны, осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      21) салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы нысаны, осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      22) тауар чегінің нысаны, осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      23) тауар чегі кітабының нысаны, осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      24) қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының нысаны, осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      25) фискалдық есепті алу актісінің нысаны, осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      26) салықтық талап нысаны, осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      27) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарын жою туралы талап нысаны, осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      28) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім нысаны, осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      29) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      30) төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі нысаны, осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      31) төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы нысаны, осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      32) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер және салықтары, өсімпұлдары бойынша берешегінің есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімінің және мүлік тізімдемесінің актісінің күшін жою туралы шешім нысаны, осы бұйрыққа 32-қосымшаға нысан бойынша;

      33) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      34) дара кәсіпкерлерге арналған арнаулы салық режимін қолдануға патент нысаны, осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      35) жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияларды электрондық түрде қабылдау туралы анықтама нысаны, осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      36) электрондық түрдегі салық есептілігін мемлекеттік кірістер органымен қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      37) салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      38) мемлекеттік кірістер органының салық есептілігін кері қайтарып алуға арналған шешім нысаны, осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      39) жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияларды қағаз жеткізгіште қабылдау туралы анықтама нысаны, осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      40) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      41) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім нысаны, осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      42) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім нысаны, осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      43) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару туралы шешім нысаны, осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      44) бақылау-кассалық машинасын тіркеу карточка нысаны, осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      45) бақылау-кассалық машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға арналған мемлекеттік кірістер органының рұқсат нысаны, осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      46) импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту (өзгертуден бас тарту) туралы шешім нысаны, осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      47) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту (өзгертуден бас тарту) туралы шешім нысаны, осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      48) Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің салық органдарынан келіп түскен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерден мәліметтерді мемлекеттік кірістер органымен алу туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      49) нұсқама нысаны, осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      50) қосымша нұсқама нысаны, осы бұйрыққа 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      51) камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны, осы бұйрыққа 51-қосымшаға сәйкес нысан бойынша

      52) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 52-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      53) кедендік төлемдер және салықтар, өсімпұлдар бойынша берешектерді өтеу туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 53- қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      54) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік нысаны, осы бұйрыққа 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      55) тексеру нәтижесі туралы хабарламаға немесе бұзушылықты жою туралы хабарламаға шағымды қарау қорытындысы туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 55-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      56) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегі туралы хабарлама нысаны, осы бұйрыққа 56-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.";

      көрсетілген бұйрыққа 48-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 54-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 56-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне арнайы жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына нормативтік құқықтық актілердің Эталонды бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының алпысыншы және алпыс бірінші абзацтарын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 633 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына
48-қосымша
  Нысан

Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің салық органдарынан келіп түскен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен мәліметтерді мемлекеттік кірістер органының алу туралы хабарлама

      Сатушының сәйкестендіру нөмірі:_________________________________________

      Сатушының атауы: ______________________________________________________

      Сатып алушының сәйкестендіру нөмірі: ____________________________________

      Сатып алушының атауы: _________________________________________________

      Сатып алушы елінің коды: ______________________________________________

      Шарттың (келісім-шарттың) нөмірі мен күні: _______________________________

      Белгі нөмірі мен күні: ___________________________________________________

      Өтініштің келіп түскен күні:______________________________________________

      Кері қайтарылған өтініш белгісінің нөмірі мен күні: _________________________

      Түзетіліп отырған өтініш белгісінің нөмірі мен күні: _________________________

Салық түрі

Сомасы

Валюта коды

Қосылған құн салығы сомасы



Акциздер сомасы



      Қолданбалы сервер қолы:

      Сатушының сәйкестендіру нөмірі\M беттің N беті

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 633 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына
54-қосымша



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 633 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына
56-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегі туралы хабарлама

      20__ жылғы "___" ________ № ________

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті

      төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 607-бабына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      ____________________________________________________________________

      Cізді

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыру құжатында көрсетілген жағдайда),

      ____________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), мекен жайы)

      салық түрлерінің қимасында салық берешегі сомасының өтелмегенін хабарлайды:

№ р/б

Төлемнің атауы

БЖК

Төлемнің сомасы
(ТМК 911)

Өсімпұл сомасы (ТМК 912)

1.





2.





3.





      Аталған салық берешегін өтеу үшін қажетті банк деректері:

      Бенефициар атауы: ___________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы)

      Бенефициар БСН: ____________________________________________________

      Бенефициар банкі: ____________________________________________________

      Бенефициар БСК: _____________________________________________________

      Салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 622-бабына сәйкес Сіздің мүлкіңіздің есебінен салық берешек сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінеді.

      Бюджетке төлеу күнін қоса алғанда, салықты төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, салық міндеттемесін орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.

      Салық кодексінің 686 және 687-баптарына сәйкес салық төлеушінің немесе оның уәкілетті өкілінің мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары әрекетін (әрекетсіздігін) мемлекеттік кірістер органының жоғары тұрған органына немесе сотқа Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіппен шағымдануына құқығы бар.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы

      (басшының орынбасары) ________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыру құжатында көрсетілген

      жағдайда), қолы, мөрі)

      Хабарламаны

      алдым ________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыру құжатында көрсетілген

      жағдайда), қолы, күні)

      Хабарлама салық төлеушіге

      тапсырылды ________________________________

      (мемлекетік кірістер органының

      лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің

      аты (жеке басын куәландыру құжатында

      көрсетілген жағдайда), қолы, күні)

      Хабарлама салық төлеушіге

      жіберілді ________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін

      растайтын құжат)