РҚАО-ның ескертпесі:
Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2018 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы және "Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 598 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 678 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12917 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 618 бұйрығына қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2018 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.