"Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағының 2), 4) тармақшаларына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 10 қазандағы № 465 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8096 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 61 (28000) санында жарияланған);
2) "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 10 қазандағы № 465 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 357 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9742 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 3 қазанда жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (А.Б. Жаркенов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К. Әмринге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |