Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын бек

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 725 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14443 болып тіркелді

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 20 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 25 қазан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 17 қазандағы
№ 725 бұйрығымен бекітілген

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау,
жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық
зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалаp) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленген жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстaу, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға opтақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      3. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын (учаскелерін) ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру жүріп өткені үшін алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) автомобиль жолдарын аспаптық тексеру - автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйін айқындауға арналған іс-шаралар;

      2) автомобиль жолдарын диагностикалау - егжей-тегжейлі аспаптық тексеру және әрі қарай пайдалану мүмкіндіктерін бағалау мен жол-жөндеу жұмыстары стратегиясын әзірлеуді мониторингілеу негізінде автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану күйінің болуы мүмкін бұзушылықтарының себептерін анықтау және болжамдау үшін жасалатын іс-шаралар.

      3) автомобиль жолдарын паспорттау - конструктивті- элементтерді, инженерлік құрылыстар мен жабдықтарды, желілік ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, автомобиль жолдарының болуы, олардың ұзақтығы, техникалық жай-күйі туралы деректерді қалыптастыру;

      4) жыл сайынғы жұмыстарды орындау графигі - тиісті жылда жоба бойынша жұмыстар көлемін орындау жөніндегі мердігер ұйымның мерзімдері мен міндеттемелері туралы толық ақпаратты қамтитын жалпы жұмыстарды жүргізу графигінің негізінде әзірленген құжат;

      5) тапсырыс берушінің өкілі - сапа сараптамасын жүргізу бойынша заңды тұлға, сондай-ақ инжинирингтік қызметті жүзеге асыру жөніндегі сарапшы.

2-тарау. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау
және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен
қаржыландыру тәртібі

      5. Тапсырыс беруші жобаларды "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына және "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10795 тіркелді) сәйкес жүзеге асырады.

      6. Мердігерлік ұйымды анықтау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде әлеуетті жеткізушілер жұмыстар көлемі ведомосынан әрбір жұмыс түріне өздерінің бағалауларын ұсынады.

      7. Жұмыстар көлемінің ведомосы мердігер ұйымның мердігер ұйымды анықтау жөніндегі конкурста және өзінің бағалық ұсынысының құрамдас бөлігі ретінде ұсынатын мердігерлік шарты шеңберінде орындалуға жататын жұмыстардың көлемі, олардың құны туралы негізгі ақпаратты көрсететін құжат.

      Жұмыстар көлемінің ведомосы бірнеше бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы аталған жұмыстар түрі бойынша көлемін, көлем мен жалпы құнның бірлігі үшін құнды көрсететін жекелеген шығындардың тармақтарын қамтиды.

      Жұмыстар көлемінің ведомосы әрбір бағалау шеңберінде орындалуға жататын жұмыстар көлемі ведомосының әрбір тармағы бойынша жұмыстар түрлері көрсетілетін түсіндірме жазбаны қамтиды.

      Жұмыстар көлемінің ведомосына өзгерістер енгізу мердігерлік шартында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

      8. Мердігерлік келісімде белгіленетін құрылыстың келісілген бағасы мердігерлік жұмыстар мен қызметтерді сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша, мердігердің жеңген конкурстық ұсынымындағы бағалар негізінде, оның сметасы (офертасы) бойынша, тапсырыс беруші белгілеген қаражат шегінде анықталады. Мердігердің сметасы (офертасы) тапсырыс берушінің сметасы негізінде құрылады.

      9. Мердігерлік шартына қол қойылғаннан және жобалау-сметалық құжаттаманың толық жинақтамасы мен өзге де техникалық құжаттама алынғаннан кейін мердігер ұйым күнтізбелік 21 күн ішінде Тапсырыс берушінің немесе Тапсырыс берушінің өкілінің мақұлдауына негізгі техника мен жабдықтарды жұмылдыру графигін, сондай-ақ жұмыстарды орындаудың барлық кезеңіне құрастырылатын жалпы жұмыстар жүргізу графигін ұсыну тиіс.

      Тапсырыс беруші немесе Тапсырыс берушінің өкілі күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілген құжаттарды келіседі немесе мердігерлік шартымен сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, қажетті түзетулер енгізеді және мердігер ұйымға түзету үшін жолдайды. Бұл жағдайда Мердігер ұйым 2 жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге немесе Тапсырыс берушінің өкіліне түзетілген графиктерді келісу үшін ұсынады.

      10. Мердігер ұйым жалпы жұмыстар графигі мақұлданғаннан кейін немесе жаңа қаржы жылы басталғаннан кейін күнтізбелік 14 күн ішінде жыл сайынғы жұмыстарды орындау графигін жасайды және Тапсырыс берушіге немесе Тапсырыс берушінің өкіліне мақұлдауына ұсынады.

      Жалпы жұмыстарды орындау графигі жыл сайынғы жұмыстарды орындау графигін жасау нәтижелері бойынша Мердігермен түзетілуі мүмкін.

      Жыл сайынғы графиктер келесі жағдайларда түзетуге жатады:

      1) мердігерлік шартында көзделмеген және оларды орындау үшін қосымша уақытты талап ететін қосымша жұмыстар анықталған жағдайда, Аталған жағдайда жыл сайынғы және жалпы жұмыстарды орындау графиктері осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тәртінпен жұмыстар көлемінің ведомосына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін түзетіледі;

      2) апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау қажеттілігіне әкеп соққан төтенше жағдайлар басталған, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы жағдайында;

      3) Тапсырыс берушінің бастамасымен мердігердің өз жұмысын тоқтатқан жағдайларда түзетуге жатады;

      4) егер Мердігер ұйым онымен жасалған шартты орындау барысында жылдық қаржыландыру сомасы өзгеріссіз қалуы жағдайында жұмыстарды орындаудың анағұрлым жақсы сапалық және/немесе техникалық сипаттамаларын, немесе мерзімдерін және/немесе жағдайларын ұсынса.

      11. Орындалған жұмыстар көлемі үшін төлем мердігерлік шартына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы
жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық
тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру
тәртібі

      12. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеулер және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыс түрлері "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы" 2014 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің № 56 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9176 тіркелді) айқындалады.

      Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын оның ішінде сенімгерлікпен басқаруға берілген автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын іске асыру мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес мердігерді анықтау бойынша конкурстық процедураларды өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында диагностикалау және паспорттау жөніндегі жұмыстарды іске асыру, сондай-ақ автожол саласының нормативті-техникалық қорын жетілдіру Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жол органымен жүргізіледі, сондай-ақ Ұлттық операторға мемлекеттік тапсырма беру арқылы жүргізіле алады. Бұл ретте аталған жұмыстар ешбір толықтырулар мен өзгерістер енгізусіз қатаң және тек жол органының техникалық тапсырмасына сәйкес сатып алынады.

      13. Орташа жөндеу жөніндегі жұмыстар көлемі жолдарды тексеріп қарау және ақаулар ведомостары қорытындылары негізінде анықталады. Жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган анықтаған тәртіпте ведомостық сараптама жүргізіледі.

      14. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар Ұлттық оператордың өз бетімен немесе мердігер ұйымдарды тартуы арқылы жүргізіледі.

      15. Автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу мен күтіп-ұстауды жүргізу ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған қаражат шегінде ақаулар ведомостары бойынша жолдарды тексеріп қарау нәтижелерінің негізінде жоспарланады. Ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды маршруттық тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Реконструкциялаудағы және күрделі жөндеудегі автожол учаскелерін күтіп ұстауды аталған жобаларды іске асырып жатқан мердігер ұйым жүргізеді.

      16. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың құны "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11928 тіркелді) бекітілген сметалық нормалар мен бағалардың негізінде анықталады.

      17. Шартқа қол қойылғаннан кейін мердігер ұйым Тапсырыс берушіге шартта белгіленген мерзімде жұмыстар өндіруді ұйымдастыру және технологиялары жөніндегі шешімдерді, сапаны бақылау жоспарын, жұмыс өндірудің күнтізбелік жоспарын, бөлінген қаражатты игеру жоспарын, құрылыс материалдары қажеттілігінің ведомостарын, негізгі құрылыс машиналары және көлік құралдары қажеттілігі графигін, негізгі санаттар бойынша құрылысшы кадрлары қажеттілігін қамтитын жұмыстар өндіру жобасын бекітуге ұсынады.

      18. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Заңның 12-бабы 2-тармағының 39) тармақшасына сәйкес автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      Диагностикалауды жүзеге асыру шеңберінде автомобиль жолдарының көліктік-эксплуатациялық жай-күйі туралы деректер базасын қалыптастыру немесе жаңарту кезеңінде тексеруді жүргізу сәтіндегі тұтынушылық сипатын анықтау үшін аспаптық тексеру жұмыстары жүргізіледі.