Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 қарашада № 14431 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 28.01.2020 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 21-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12712 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 15 қаңтарында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік


қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа


қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы

Қ. Қожамжаров


  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 19 қазандағы
№ 13 бұйрығымен бекітілген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасындағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" Заңы 21-бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тәртібін анықтайды.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерімен жүргізіледі.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері - мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні белгілі бір салада өзара іс-қимыл тәртібін реттейтін мемлекеттік органның (мемлекеттік органдардың), ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі болып табылады.

2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу
тәртібі

      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті уәкілетті органмен мынадай жолмен жүзеге асырылады:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық қолдану тәжірибесін бағалау мен зерделеу;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша мемлекеттік огандардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін зерделеу;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарды зерделеу;

      4) заңмен белгіленген тәртіпте кінәлі деп танылған тұлғаның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептерді бағалау және зерделеу;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама қорытындыларын қарау;

      6) құқықтық статистика органдарының деректерін зерделеу.

      6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті өздерінің бастамасы негізінде жүргізу және оның нәтижелерін жалпылау үшін уәкілетті органға жіберу жол беріледі.

      7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қортындылары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің
қорытындылары

      8. Уәкілетті орган тұрақты негізде оның аумақтық бөлімшелері және өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен жолданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындыларын қарайды және талдайды.

      9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары бойынша уәкілетті органмен тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағымдағы жағдайына бағалауын және осы Қағиданың 10-тармағына сәйкес шешімін көрсететін аналитикалық есеп қалыптастырылады.

      10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органның шешімі:

      1) сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл субъектілер қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы ұсыныс әзірлеу болып табылады.

      11. Уәкілетті орган тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындыларын өзінің ресми интеренет-ресурсында орналастырады.

      12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің өтініші мен сұрау салуы бойынша уәкілетті орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары туралы ақпаратты ұсынады.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мониторингті жүргізу
қағидаларына қосымша

      Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

      І. Кіріспе

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: ____________.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: жеке/заңды тұлға, электронды поштаның мекенжайы, телефон нөмірі.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: басталды_____ аяқталды_____.

      4. Бақыланатын кезең: ________ жж. қызметі.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

      Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

ІІІ. Қорытынды бөлімі

      Қорытынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.