"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 593 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 қарашада № 14420 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
      3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
      243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      073 «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен»;
      9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      240 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      100 кіші бюджеттік бағдарламасы мен 001 бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «001 Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру
      100 Мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»;
      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы мен 100, 103, 104 және 111 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 246 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «246 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
      001 Дін істері және азаматтық қоғам саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру
      100 Дін істері және азаматтық қоғам саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету
      103 Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету
      104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
      111 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің күрделі шығыстары»;
      мынадай мазмұндағы 100 кіші бағдарламасы бар 002 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
      «002 Діни қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, діни қызмет саласындағы әлеуметтанушылық, ғылыми-зерттеу және талдау қызметтерін жүргізу
      100 Діни сенім бостандығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру»;
      мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 104, 105, 109, 114, 116, 119 және 122 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
      «100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      104 Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес
      105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау
      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу
      122 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;
      04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
      4 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру» функционалдық кіші тобында:
      240 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      006 «Мәдениет пен өнер саласындағы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 100 және 111 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «100 Мәдениет пен өнер саласындағы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету
      111 Мәдениет және өнер саласында қызметін жүзеге асыратын техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары»;
      5 «Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 138 бюджеттік бағдарламасы бар 246 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «246 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
      138 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету»;
      05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
      1 «Кең бейiндi ауруханалар» функционалдық кіші тобында:
      239 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 155 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «155 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде техникалық көмек іс-шараларын іске асыру
      012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен»;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      242 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      156 бюджеттік бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «156 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері»;
      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
      «032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен»;
      701 «Облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      014 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
      3 «Ақпараттық кеңiстiк» функционалдық кіші тобында:
      240 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      017 бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «017 Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту»;
      мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасы 246 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «246 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
      003 Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету»;
      9 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламасы 246 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «246 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
      005 Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнінде іс-шаралар өткізу»;
      12 «Көлiк және коммуникация» функционалдық тобында:
      5 «Темiр жол көлiгi» функционалдық кіші тобында:
      242 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      158 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жергілікті жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен»;
      348 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      018 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жергілікті жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен»;
      384 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      018 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жергілікті жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен»;
      9 «Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      245 «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 025 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «025 Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру»;
      13 «Басқалар» функционалдық тобында:
      9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 120 бюджеттік бағдарламасы бар 246 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «246 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
      120 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрі                             Б. Сұлтанов