"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 872 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 қазанда № 14283 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға
арналған кепілдендірілген трансферт туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
      2017 жыл - 2 880 000 000 мың теңге;
      2018 жыл - 2 880 000 000 мың теңге;
      2019 жыл - 2 880 000 000 мың теңге.
      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VІІ, 164-құжат; 2016 ж., № 5, 33-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті