Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика мнистрінің м.а. 2016 жылы 2 қыркүйектегі № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 қыркүйекте № 14274 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1476) нөмірінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      3) Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

      интернет–порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің


міндетін атқарушы

М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрінің

      міндетін атқарушы

      _______________

      2016 жылғы

      Қ. Бозымбаев

      "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 394 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2009 жылғы 20 ақпандағы
№ 57-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді саралау қағидалары
1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді саралау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді есептеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларға сәйкес есептелген тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтер энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылары үшін олардың электр энергиясын көп мөлшерлемелі есептеу аспаптары болған кезде қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) бюджеттік ұйымдар – мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;

      2) ең жоғары тариф – тұтынушы–жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан тыс тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф;

      3) ең төменгі тариф – тұтынушы–жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасы шегінде тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф;

      4) есептеу аспабы көрсеткіштерінің есептік мәні – оның уақытша болмауы, не нақты көрсеткішті алу мүмкін емес болған жағдайда алдыңғы кезеңдегі электр энергиясының орташа тәуліктік шығысын (тұтынылуын) осы кезеңдегі күнтізбелік күндер санына көбейту жолымен анықталатын есептеу аспабының көрсеткіштері ретінде қабылданған электр энергиясының көлемі;

      5) көп мөлшерлемелі есепке алу – электр энергиясын тәулік зоналары бойынша тұтынуды есепке алу;

      6) көп мөлшерлемелі есептеу аспабы – электр энергиясын тәулік зоналары бойынша тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін есептеу аспабы;

      7) режим күні – жылдың екі маусымы бойынша жасалған, энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыларының электр тұтыну жүктемесінің кестесінен айқындалған электр энергиясы ең көп тұтынылатын күн;

      8) сату тарифі – реттелетін нарықтардағы субъектінің тауарлар (жұмыстар, қызметтер), оны жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бағасы;

      9) тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтер – осы Қағидаларға сәйкес тұтынушылар үшін қолданылатын тәулік уақытына қарай электр энергиясының әртүрлі тарифтері;

      10) тәуліктік жүктеме кестесі – нақты маусымның режим күнінде өңірдің электр энергиясын тұтыну тәулігінің сағаттық кестесі;

      11) тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтер – осы Қағидаларға сәйкес тұтынушы-жеке тұлғалар үшін қолданылатын тұтыну көлемдеріне қарай әртүрлі электр энергиясына арналған тарифтері (екі деңгейлік немесе үш деңгейлік);

      12) тұтынушы – шарттың негізінде электр энергиясын пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға;

      13) тұтынушылар тобы – ортақ белгілері бойынша топтарға біріктірілген тұтынушылар: халық, заңды тұлғалар, оның ішінде бюджеттік ұйымдар, 750 кВА және одан жоғары қуатпен қосылған өнеркәсіптік кәсіпорындар және 750 кВА-дан төмен қуатпен қосылған өзге де заңды тұлғалар;

      14) тұтынушының электрді тұтыну кестесі (тұтынушыны жүктеу кестесі) – жүктеменің тәулік зоналары бойынша өзгеру қисығы, электр энергиясын тұтыну көлемдерінің тәуліктік өзгерісін графикалық көрсету;

      15) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда қызметке басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган;

      16) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті;

      17) шарттық (мәлімделген) ең жоғары жүктеме – энергиямен жабдықтаушы ұйымда уақыт бойынша ең жоғары жүктеменің өту сағаттарымен сәйкес келетін тұтынушының аса үлкен жарты сағаттық қуаты;

      18) шекті баға – тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті шығындар мен пайданың негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10594 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларына сәйкес белгілеген және бағаға сараптама жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті орган ведомствосы негізді деп таныған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы;

      19) электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынылуы) – есептеу аспабы жөнделген және пломбаланған белгілі бір уақыт кезеңіндегі электр энергиясының нақты көлемінің осы кезеңдегі күнтізбелік күндердің санына қатынасы ретінде айқындалатын электр энергиясының көлемі. Кезең есептеу аспабының алынған көрсеткіштері болған кезде күнтізбелік отыз күн есебінен таңдалады;

      20) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      4. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерді уәкілетті орган ведомствосымен келіскеннен кейін энергиямен жабдықтаушы ұйым енгізеді.

      5. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді тұтынушылардың қолдануына байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым кірісті кем алған немесе кірісті негізсіз алған жағдайда кем алынған кірістің сомасы немесе негізсіз алынған кірістің сомасы "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес белгіленген орташа босату тарифінің тиісті өзгерісінің есебінен тарифтерді кезекті қайта қарау кезінде ескеріледі.

      6. Сату тарифінің деңгейін өзгерту кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді қайта есептеуді жүргізеді.

      7. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша және (немесе) тұтынылған энергияның көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер бойынша электр энергиясын өткізуде (сатуда) тұтынушыларға қарсы бола алмайды.

      8. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жыл сайын есептеуді орындайды және тәулік зоналары бойынша және тұтыну көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) электр энергиясына сараланған тарифтерді уәкілетті орган ведомствосымен келіседі.

      9. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жеке тұлғаларға (тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер белгіленген тұтынушыларды жеке тұлғаларды қоспағанда) тұтынылған энергияның көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді ескере отырып тұрмыстық мұқтаждарға тұтынылған электр энергиясы үшін шот тапсырады.

      Егер тұтынушының электр энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алу арасындағы нақты кезең күнтізбелік отыз күнге тең болмаса, электр энергиясын тұтыну шамаларының мөлшерін энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы нақты кезеңнің ұзақтығын ескере отырып түзетіледі.

      Электр энергиясын тұтыну шамасының шегінде толық пайдаланылмаған электр энергиясы келесі айда пайдаланылмайды.

      10. Тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу тұратын жеке тұлғалардың саны ескеріле отырып анықталады, оны анықтауға тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары немесе пәтер иелері кооперативінің мөрімен расталған тұратын заңды тұлғалардың саны туралы анықтама негіз болып табылады.

      Елді мекендерде пәтер иелері кооперативтері және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары болмаған жағдайда тұратын жеке тұлғалардың санын анықтау үшін қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, село, селолық округ әкімі берген тұратын жеке тұлғалардың саны туралы анықтама негіз болып табылады.

      Тұрғын үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін орындау үшін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін тұратын тұлғалардың санына үй иелерінің немесе сол тұрғын үй-жайларды жалға алушылардың саны теңестіріледі, оны анықтау үшін құқық белгілейтін құжаттар негіз болып табылады.

      11. Есептеу аспаптарының көрсеткiштерiн екі есеп айырысу кезеңі ішінде алу мүмкiн болмаған кезде, егер бұл ретте тұтынушының өзi энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзiнiң жұмсаған энергиясының саны туралы мәлiмет ұсынбаса, энергиямен жабдықтаушы ұйым ағымдағы айға жеке тұлға тұтынған электр энергиясына есептеу жүргізу үшін, оның жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай немесе тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтер бойынша электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынуы) бойынша есептеу аспабы көрсеткіштерінің есептік мәнін анықтай отырып есеп жүргізеді.

      Есептеу аспаптарының нақты көрсеткіштері есептеу аспабы көрсеткіштерінің есептік мәнінен кем болса, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын тұтыну көлеміне қайта есептеу жүргізеді, бұл тұтынушы-жеке тұлғаға жазған және берген төлем құжатында көрсетіледі.

      12. Бір айдан аспайтын мерзімге есептеу аспаптары болмаған кезеңде электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынуы) бойынша анықталған тұрмыстық қажеттілікке тұтынылған электр энергиясына төлемақыны энергиямен жабдықтаушы ұйым орташа тариф бойынша, саралаусыз ұсынады.

      Бұл ретте, есептеу аспаптары болмағанда электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынуы) бойынша есеп айырысу кезеңі бір есеп айырысу кезеңінен аспайды. Кейінгі қайта есептеулер белгіленген қуат бойынша жүргізіледі.

      13. Электр энергиясын үйге ортақ қажеттілік үшін тұтынуға (кезекті жарықтандыру, лифттер, паркингтер және басқалар) тұтынушылардың тиісті тобы үшін сату тарифі бойынша саралаусыз төлемақы жүргізіледі.

      Коммерциялық есепке алу аспаптары баланстық тиістілік шекарасында орнатылмаған кезде, бөлу шекарасынан коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылған жерге дейінгі желі учаскесіндегі электр энергиясының шығындарын (трансформаторларда және желілерде) көрсетілген желі учаскесі балансында тұрған тарап тұтынушыларының тиісті тобы үшін төлемақы сату тарифі бойынша саралаусыз жүргізеді.

      14. Осы Қағидалар екі деңгейлік және үш деңгейлік тарифтерді қолдана отырып жеке тұлғаларға тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифті және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифті бір мезгілде қолдануды болжамайды.

2–тарау. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған тарифтерді саралау тәртібі

      15. Тәуліктік жүктеме кестесі төрт зонаға бөлінеді: "ертеңгілік максимум", "кешкі максимум", "күндізгі ойылым" және "түнгі ойылым".

      16. Көпмөлшерлемелі есептеу кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын екі аймақтық есептеу жүйесі пайдаланылатын тұрмыстық мұқтаждарға электр энергиясын жұмсайтын тұтынушы-жеке тұлғаларды қоспағанда, үш аймақтық есептеу жүйесін пайдаланады.

      17. Үш аймақтық жүйе:

      (УД) – "ертеңгілік максимумды", "күндізгі ойылымды" біріктіретін электр энергиясын күндізгі тұтыну аймағынан;

      (В) – "кешкі максимумге" сай келетін электр энергиясын кешкі тұтыну аймағынан;

      (Н) – "түнгі ойылыммен" сай келетін түнгі тұтыну аймағынан тұрады.

      18. Екіаймақтық жүйе:

      (УД) – "ертеңгілік максимумды", "күндізгі ойылымды", "кешкі максимумды" біріктіретін күндізгі тұтыну аймағынан;

      (Н) – "түнгі ойылым" аймағымен сай келетін түнгі тұтыну аймағынан тұрады.

      19. Тәулік аймағы бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді есептеу кезінде (П) электр энергиясы үшін төленетін ақы мынадай формула бойынша анықталады:

      П = Wо*Tо (теңге), мұндағы: (1)

      Wо – өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күндерінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктемесі кестелерінің орташа мәніне сүйене отырып анықталады тұтынылған электр энергиясының тәуліктік көлемі, кВт.сағ.

      20. Тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуы мен ол үшін ақы (П) төлеудің өзгеріссіздігі кезінде Тв тарифі белгіленеді:

      Тв = (П - Туд*Wуд - Tн*Wн)/Wв (теңге/кВт.сағ.), мұндағы: (2)

      П – нақты тұтынушының электр энергиясын тұтынғаны үшін тәуліктік ақы;

      Wуд – өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күндерінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктемесі кестелерінің орташа мәніне сүйене отырып анықталған тәуліктік кестенің (УД) аймағы кезеңінде электр энергиясын тұтыну көлемі, кВт.сағ.;

      Tуд – (УД) аймағы кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін тариф, кВт.сағ.;

      Wн – өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күндерінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктемесі кестелерінің орташа мәніне сүйене отырып анықталған тәуліктік кестенің (УД) аймағы кезеңінде тұтынылған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;

      Тн – (Н) аймақ кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін тариф, кВт.сағ.;

      Wв – өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күндерінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктемесі кестелерінің орташа мәніне сүйене отырып анықталған тәуліктік кестенің (В) аймағы кезеңінде электр энергиясын тұтыну көлемі, кВт.сағ.

      21. Түнгі аймақтың тарифтері мынадай формуламен анықталады:


(3), мұндағы:

Z – келісілген шекті бағамен көрсетілген электр энергиясын сатып алу шығындары;

W – сатып алынатын электр энергиясының көлемі.

      22. Өнеркәсіптік және оған теңестірілген тұтынушылар үшін 750 кВА қуатпен қосылған және тұтынылған электр энергиясы үшін (Туд) аймақ кезеңінде (УД) мынадай формула бойынша анықталады:

      Туд = П /Wо, мұндағы, (4)

      Wо – тұтынылған электр энергиясының тәуліктік көлемі, кВт.сағ.

      23. Түнгі аймақ тарифі (3) формуласы бойынша анықталады.

      24. Тұтынылған электр энергиясы үшін тариф (Тв) ең жоғары тұтыну зонасының (В) сағатында (2) формуласы бойынша анықталады.

      25. Қосылған 750 кВА-дан төмен қуаты бар тұтынушылар топтарына тұтынылған электр энергиясы үшін тариф (Туд) аймақ кезеңінде (УД) қолданылады:

      Туд = То, (5)

      26. Бюджеттік ұйымдар үшін тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер бойынша электр энергиясына ақы төлеу мынадай жағдайлардың негізінде анықталады:

      1) түнгі аймақ (Т3) тарифтері (3) формуласы бойынша анықталады;

      2) электр энергиясын тұтынудың (Тудв) күндізгі аймақ тарифтері (5) формула бойынша есептеледі;

      3) ең жоғары тұтыну сағаты (ТБ) электр энергиясының тарифтері (2) формула бойынша анықталады.

      Бюджеттік ұйымдар үшін тәулік аймақтары бойынша сараланған электр энергиясына арналған тарифтер тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясына тарифтер сараланған жағдайда, тиісті тұтынушылар топтары үшін босату тарифіне сүйене отырып анықталады.

      27. Есепке алудың екіаймақтық жүйесін пайдаланатын тұтынушы-жеке тұлғалардың тұрмыстық қажеттіліктеріне жұмсалатын электр энергиясы үшін тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер бойынша ақы төлеу мынадай жағдайлардың негізінде белгіленеді:

      1) түнгі аймақ тарифтері (3) формуласы бойынша анықталады.

      2) электр энергиясын тұтынудың (Тудв) күндізгі аймақ тарифтері мынадай формула бойынша есептеледі:

      Тудв=(П–Тн*Wн)/Wудв, мұндағы, (6)

      Wудв – өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күндерінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктемесі кестелерінің орташа мәніне сүйене отырып, айқындалған аймақ (УДВ) кезеңінде тәуліктік кестенің электр энергиясын тұтыну көлемі, кВт.сағ.

      28. Энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясына сату тарифі өзгерген кезде тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер деңгейін өзгертеді.

      29. Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланушы жеке тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар көп мөлшерлемелі есептеу аспабы бар болған кезде тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер белгілеу өтінімімен кез келген уақытта энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүгінеді.

      30. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар (электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланатын, оның ішінде есепке алудың ортақ құралы болған жағдайда есеп айырысуды жүзеге асыратын қосалқы тұтынушылар заңды тұлғалардың есептерінен қосылған заңды тұлғаларды қоспағанда) көпмөлшерлі есептеу құралын орнатады, тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер белгілеу өтінімімен энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүгінеді және тұтынылған электр энергиясы үшін тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер бойынша төлем жасайды.

      31. Өнеркәсіптік және оған теңестірілген тұтынушыларға арналған қосылған қуаты 750 кВА және одан жоғары өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) 1, 2-қосымшаларға сәйкес белсенді энергияны тұтынудың тәуліктік кестелері, белсенді қуатты өлшеу нәтижелерінің ведомостары;

      2) технологиялық процесті егжей-тегжейлі сипаттау картасы.

      32. Қосылған қуаты 750 кВА-дан төмен тұтынушылардың қалған топтары, оның ішінде бюджеттік ұйымдар, сондай-ақ тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтері жоқ өңірлер үшін электр энергиясын тұтыну кестелерін ұсыну талап етілмейді.

3–тарау. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың екідеңгейлік тарифтерді қолдана отырып, электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай саралау тәртібі

      33. Асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасын электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін жеке жергілікті атқарушы органмен (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігімен) келісім бойынша уәкілетті орган ведомствосы белгілейді. Бұл ретте газдандыруға жатпайтын, не егер үй құрылысының жобасында немесе кондоминиум объектісіне арналған техникалық паспортта газдандырылуы көзделмеген үйлердің тұрғындары электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға жатады.

      Асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасын электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жасы бойынша зейнеткерліктегі жалғыз тұратын адамдар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар үшін жеке, жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жайы (пәтері) бар аталған тұлғаларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органмен (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігімен) келісім бойынша уәкілетті орган ведомствосы белгілейді.

      Екі деңгейлі тарифтерді қолдану кезінде тиісті өңірдің жылумен жабдықтаушы, газбен жабдықтаушы ұйымдарының немесе жергілікті атқарушы органдарының ақпараты негізінде орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған үйлердің тұрғындары және орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жұмыс істемейтін бұрын газдандырылған үйлердің тұрғындары электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға теңестіріледi.

      Асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасы тұтынушыларды энергия үнемдеуге ынталандыратын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін өлшемшарттар ескеріле отырып белгіленеді.

      34. Екі деңгейлі тарифтерді қолдана отырып, жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына сараланған тарифтерді есептеу кезінде ең жоғары тариф (Т макс) мынадай формула бойынша анықталады:

      Т макс = 1,2*Tо, мұндағы, (7)

      Tо – тұтынушылардың тиісті тобы үшін электр энергиясын сату тарифі.

      Электр энергиясына тұтынушылар топтары бойынша тарифтерді саралау болған жағдайда үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын дара кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін екі деңгейлік тарифтерді қолдана отырып, жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына сараланған тарифтер тұтынушылардың тиісті тобы үшін сату тарифіне сүйене отырып айқындалады.

      35. Электр плиталарын пайдаланатын (Тмин1) жеке тұлғалар үшін ең төменгі тарифтер мынадай формула бойынша анықталады:

      Тмин1 = (То *Wбыт1 - Тмакс*(Wбыт1-k*Wмин1))/k*Wмин1, мұндағы, (8)

      Wбыт1 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

      Wмин1 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, электр энергиясын тұтыну шамасын асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

      k – электр энергиясын үнемдеу ескеріле отырып, жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлемдерін қайта бөлу коэффициенті, осы Қағидаларды алғашқы рет қолдану кезінде k=1,1, кейінгі k=1.

      36. Электр плиталарын пайдаланбайтын (Т мин2 ) жеке тұлғалар үшін ең төменгі тариф мынадай формула бойынша анықталады:

      Тмин2 = (То *W быт2 - Тмакс *(Wбыт2 -k*W мин2))/k*Wмин2, мұндағы, (9)

      W быт2 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

      W мин2 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, электр энергиясын тұтыну шамасын асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

      37. Есеп айырысу айы үшін нақты тұтынылған электр энергиясының шамасы бір тұтынушыға шаққанда тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлейтін тиісті тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан аспаған жағдайда, мынадай формула бойынша анықталады:

      П = Т мин *W нақты, мұндағы, (10)

      П – есеп айырысу айында тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақы, теңге;

      W нақты – есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айында тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

      38. Есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айы үшін нақты тұтынылған электр энергиясының шамасы бір тұтынушыға шаққанда тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлейтін тиісті тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан асып түскен жағдайда, мынадай формула бойынша анықталады:

      П макс = Т мин *n*W лим +Т макс * (W нақты -n* W лим ), мұндағы, (11)

      W лим – асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы өндіріп алынатын бір жеке тұлға тұтынатын электр энергиясының шамасы, кВт.сағ.;

      n – тұратын жеке тұлғалардың саны.

4–тарау. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың үшдеңгейлік тарифтерді қолданып электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай саралау тәртібі

      39. Асыра тұтынғаны үшін екінші немесе үшінші деңгейлі тарифтер бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамаларын электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін жеке жергілікті атқарушы органмен (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігімен) келісім бойынша уәкілетті орган ведомствосы белгілейді.

      Бұл ретте Заңның 29-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес газдандыруға жатпайтын, не егер үй құрылысының жобасында немесе кондоминиум объектісіне арналған техникалық паспортта оны газдандыру көзделмеген үйлердің тұрғындары электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға жатады.

      Үш деңгейлі тарифтерді қолдану кезінде тиiстi өңірдің жылумен жабдықтаушы, газбен жабдықтаушы ұйымдарының немесе жергілікті атқарушы органдарының ақпараты негізінде орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған үйлердің тұрғындары және орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жұмыс істемейтін бұрын газдандырылған үйлердің тұрғындары электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға теңестіріледі.

      Асыра тұтынғаны үшін екінші деңгейлі тариф (бұдан әрі –V2) бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасы тұтынушыларды энергия үнемдеуге ынталандыратын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін критерийлер ескеріле отырып белгіленеді.

      Асыра тұтынғаны үшін үшінші деңгейлі тариф (бұдан әрі – V3) бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасы саны жалпы тұтынушылар санынан 10-15% аспайтын ең жоғары тұтынған тұтынушыларды энергия үнемдеуге ынталандыратын критерийлер ескеріле отырып белгіленеді.

      Асыра тұтынғаны үшін үшінші деңгейлі тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасын жергілікті атқарушы органмен (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігімен) келісім бойынша жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жайы (пәтері) бар аталған тұлғаларды қоспағанда, электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жалғыз тұратын жасы бойынша зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар үшін жеке уәкілетті орган ведомствосы белгілейді.

      40. Электр плиталарын пайдаланатын (Т1 с э/п) жеке тұлғалар үшін бірінші деңгейлік тариф мынадай формула бойынша анықталады:

      Т1 э/п-мен = (Tо*Wо с э/п – Т2*W2 с э/п – Т3*W3 с э/п) / W1 с э/п, мұндағы, (12)

      Т2 – 14 - формула бойынша белгіленген екінші деңгейлі тариф;

      Т3 – 15 - формула бойынша белгіленген үшінші деңгейлі тариф;

      Wо э/п-мен – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

      W1 э/п-мен - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, V2 асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;

      W2 э/п-мен – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, V2 асырған, бірақ V3 шектерде жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;

      W3 э/п-мен – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, V3 асырған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ

      41. Электр плиталарын пайдаланбайтын (Т1 без э/п) жеке тұлғалар үшін бірінші деңгейлі тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Т1 э/п-сыз = (Tо*Wо э/п-сыз – Т2*W2 э/п-сыз – Т3*W3 э/п-сыз)/W1 э/п-сыз, мұндағы, (13)

      Wо э/п-сыз – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

      W1 э/п-сыз – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, V2 асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;

      W2 э/п-сыз – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, V2 асырған, бірақ V3шектерде жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;

      W3 э/п-сыз – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, V3 асырған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ

      42. Үш деңгейлі тарифтерді қолдана отырып, жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына сараланған тарифтерді есептеу кезінде екінші деңгейлі тариф (Т2) мынадай формула бойынша анықталады:

      Т2 = 1,2*Tо, мұндағы, (14)

      Tо – тұтынушылардың тиісті тобы үшін электр энергиясының сату тарифі.

      Электр энергиясына тарифтерді тұтынушылар топтары бойынша саралау болған жағдайда, үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын дара кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін үш деңгейлік тарифтерді қолдана отырып, жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына сараланған тарифтер тұтынушылардың тиісті тобы үшін босату тарифіне сүйене отырып белгіленеді.

      43. Үш деңгейлі тарифтерді қолдана отырып, жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына сараланған тарифтерді есептеу кезінде үшінші деңгейлі тариф (Т3) мынадай формула бойынша анықталады:

      Т3 = 1,5*Tо, мұндағы, (15)

      Tо – тұтынушылардың тиісті тобы үшін электр энергиясының босату тарифі.

      Электр энергиясына тарифтерді тұтынушылар топтары бойынша саралау болған жағдайда, үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін көрсету мақсатында пайдаланатын дара кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін үш деңгейлік тарифтерді қолдана отырып, жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына сараланған тарифтер тұтынушылардың тиісті тобы үшін босату тарифіне сүйене отырып айқындалады.

      44. Есеп айырысу айында тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақы (П) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша анықталады.

5–тарау. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар уәкілетті органның ведомствосына ұсынатын құжаттар

      45. Тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтердің деңгейлерін келісу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер қолданысқа енгізілгенге дейін, күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) түсіндірме жазбаны;

      2) тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтердің есебін;

      3) тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтерді бекіту туралы бұйрықтың жобасын;

      4) 3-қосымшаға сәйкес жылдың екі маусымы бойынша режимді күндердегі тәуліктік жүктеме кестесін зоналарға бөле отырып (күзгі-қысқы маусым үшін көрсетілген кестелер ретінде жұмыс күнінің желтоқсандағы кестесі, көктемгі-жазғы – маусым үшін маусымдағы кестесі пайдаланылуы мүмкін), уәкілетті орган ведомствосына ұсынады.

      46. Жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтердің деңгейлерін келісу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйым жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) түсіндірме жазбаны;

      2) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтердің есебін;

      3) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерді бекіту туралы бұйрықтың жобасын;

      4) 4-қосымшаға сәйкес негіздеуші материалдарды қоса бере отырып электр энергиясына көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер туралы ақпаратты уәкілетті орган ведомствосына ұсынады.

      47. Уәкілетті орган ведомствосы келісу үшін ұсынылған тәулік зоналары бойынша және (немесе) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтердің деңгейлерін, құжаттар мен материалдарды күнтізбелік отыз күннің ішінде қарайды. Қарау мерзімі құжаттар мен материалдарды берген сәттен бастап есептеледі.

      48. Уәкілетті орган ведомствосы, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес қажет болған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйымнан тәулік аймақтары бойынша және (немесе) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтердің деңгейін негіздейтін қосымша ақпарат сұратады.

      49. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер туралы және (немесе) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай ақпаратты "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 18-бабының 4-тармағына сәйкес олар қолданысқа енгізілгенге дейін тұтынушылардың назарына бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.

      50. Энергиямен жабдықтаушы ұйым 3-қосымшаға сәйкес, жыл сайын 1 сәуірге және 1 қазанға дейін жылдың екі маусымы бойынша режимді күндердегі тәуліктік жүктеме кестесін аймақтарға бөле отырып (күзгі-қысқы – маусым үшін көрсетілген кестелер ретінде жұмыс күнінің желтоқсандағы кестесі, көктемгі-жазғы маусым үшін – маусымдағы кестесі пайдаланылуы мүмкін) уәкілетті орган ведомствосына ұсынады.

  Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
тәулік зоналары бойынша және (немесе)
оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне
қарай электр энергиясына арналған
тарифтерді саралау қағидаларына
1-қосымша

      Дербес шот

Белсенді энергияны тұтынудың тәуліктік кестесі

сыртқы желілердің п/ст, РП,. фидерінің нөмірі
Қала___________
Аудан__________
РЭС____________


      ____________________________________________________________

      (кәсіпорынның атауы)

Тұтыну, кВт

Есептегіштер көрсеткіштері алынған күні

Өтеу құрылғыларының белгіленген қуаты ______кВАр

Күш трансформаторларының белгіленген қуаты __________кВА

Тәуліктік тұтыну (белсенді) кВт ________кВт. сағ.













































































      Басшылардың лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Телефон Қолы

      Директор

      Бас.инженер

      Энергия қызметінің басшысы М.О.

  Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
тәулік зоналары бойынша және (немесе)
оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне
қарай электр энергиясына арналған
тарифтерді саралау қағидаларына
2-қосымша

Белсенді қуатты өлшеу нәтижелерінің ведомосі

      ___________________ 20 ___ жыл үшін

      _____________________________________________ бойынша (№ _____ шарт) (абоненттің атауы)

Сағаттар

Белсенді қуаттылық (кВт)

1. 00.00 – 01.00

Р1


2. 01.00–02.00

Р2


3. 02.00–03.00

Р3


4. 03.00–04.00

Р4


5. 04.00–05.00

Р5


6. 05.00–06.00

Р6


7. 06.00–07.00

Р7


8. 07.00–08.00

Р8


9. 08.00–09.00

Р9


10. 09.00–10.00

Р10


11. 10.00–11.00

Р11


12. 11.00–12.00

Р12


13. 12.00–13.00

Р13


14. 13.00–14.00

Р14


15. 14.00–15.00

Р15


16. 15.00–16.00

Р16


17. 16.00–17.00

Р17


18. 17.00–18.00

Р18


19. 18.00–19.00

Р19


20. 19.00–20.00

Р20


21. 20.00–21.00

Р21


22. 21.00–22.00

Р22


23. 22.00–23.00

Р23


24. 23.00–24.00

Р24


Электр энергиясының тәуліктік шығыстары

Асут



      Басшы _____________________ қолы М.О.

  Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
тәулік зоналары бойынша және (немесе)
оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне
қарай электр энергиясына арналған
тарифтерді саралау қағидаларына
3-қосымша

Режим күнінде электр энергиясын тұтыну кестесі _________________ 20 __ ж.


      Ескертпе: тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер:

      кешкі тұтыну аймағы – сағат 19-дан 23-ке дейін

      күндізгі тұтыну аймағы – сағат 7-ден 19-ға дейін

      түнгі тұтыну аймағы – сағат 23-тен 7-ге дейін

      тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер:

      күндізгі тұтыну аймағы – сағат 7-ден23-ке дейін

      түнгі тұтыну аймағы – сағат 23-тен 7-ге дейін

  Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
тәулік зоналары бойынша және (немесе)
оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне
қарай электр энергиясына арналған
тарифтерді саралау қағидаларына
4-қосымша

Абоненттің жеке шоты

Тұратын жеке тұлғалардың саны

Есепті жылда қолдану көлемі, ай сайын

Есепті жылда қолданылған көлем, барлығы

Орташа айлық қолданылғаны



қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан




































      Ескертпе: ақпарат энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қызмет көрсететін әкімшілік аудандар (қалалар) бөлінісінде беріледі

  Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
тәулік зоналары бойынша және (немесе)
оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне
қарай электр энергиясына арналған
тарифтерді саралау қағидаларына
5-қосымша

Есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айында бір тұтынушыға шаққанда нақты тұтынылған электр энергиясының көлемі

Есеп айырысу айында тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақыны есептеу формуласы

V2 асырмаған тиісті тұтынушылар үшін

П=Т1*Wнақты, мұндағы:
Wнақты  есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айы үшін тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

V2 асырған, бірақ V3 кем тиісті тұтынушылар үшін

П = Т1*n *Wуст1 + Т2*( Wнақты - n * Wуст1), мұндағы:
n – тұратын жеке тұлғалардың саны.
Wуст1 – бірінші деңгейдің шамасына сәйкес бір жеке тұлғаның электр энергиясын тұтыну шамасы, кВт.сағ.

V3 асырған тиісті тұтынушылар үшін

П=Т1*n*Wуст12*n*(Wуст2-Wуст1)+Т3*(Wнақты-n*Wуст2), мұндағы:
Wуст2 – екінші деңгейдің шамасына сәйкес бір жеке тұлғаның электр энергиясын тұтыну шамасы, кВт.сағ.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 394 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 66-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Реттелетін нарық субъектілерінің тауарлық газдың шекті бағаларын есептеу әдістемесі
1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Реттелетін нарық субъектілерінің тауарлық газдың шекті бағаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларына (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын саралау арқылы тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газға сараланған бағаларды есептеу қағидаттары мен тетіктерін айқындайды (әр облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке (магистральдық газ құбыры арқылы газды тасымалдауға және сақтауға тарифті ескере отырып (бұдан әрі – көтерме сатып алу бағалары).

      3. Әдістеменің негізін қалаушы қағидаттар мыналар:

      1) тұтынушылар топтары бойынша газды өткізуден тең кіріске қол жеткізу;

      2) тұтынушыларды тауарлық газды үнемдеп пайдалануға, ресурс сақтаушы технологияларды пайдалануға ынталандыру;

      3) газбен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетумен байланысты экономикалық негізделген шығындардың орнын толтыру;

      4) реттелетін нарық субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігі болып табылады.

      4. Осы Әдістемеде пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы және газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      5.Тауарлық газға шекті бағаларды қалыптастыру Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Тұтынушылар топтарын айқындау

      6. Тауарлық газға сараланған шекті бағаларды белгілеу мақсатында мынадай тұтынушылар топтары айқындалды:

      тұтынушылардың І тобы – газ таратушы желілер арқылы тауарлық газ алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық), халыққа (бұдан әрі - халық үшін ЖЭК) жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлемдеріндегі жылу энергетикалық компаниялар;

      тұтынушылардың ІІ тобы – бюджет қаражаты есебінен қамтылған бюджеттік ұйымдар;

      тұтынушылардың ІІІ тобы – тұтынушылардың 1 және 2-топтарына кірмейтін өзге де тұтынушылар.

3–тарау. Тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газға шекті бағаларды есептеу тәсілі

      7. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін тауарлық газға шекті бағалар баға белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады және уәкілетті органмен келісіледі.

      Тұтынушылардың ІІ және ІІІ топтары үшін газ таратушы желілер арқылы газды тасымалдауға жеке шарт жасалады.

      8. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газға шекті бағаның құрылымы халық үшін мыналардан:

      тұтынушылардың бірінші тобы үшін саралануы ескеріле отырып, тауарлық газға көтерме бағадан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ таратушы ұйымның шығындарынан;

      газ таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен тұрады.

      9. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін халыққа жылу энергиясын өндіретін халық үшін ЖЭК тауарлық газға шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      тұтынушылардың бірінші тобы үшін саралануы ескеріле отырып, тауарлық газға көтерме бағадан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ таратушы ұйымның шығындарынан;

      газ таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен тұрады (ЖЭК тауарлық газды тарату желілерінен сатып алған жағдайда).

      10. Тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газға шекті бағаның құрылымы мыналардан:

      тұтынушылардың екінші тобы үшін саралануы ескеріле отырып, тауарлық газға көтерме бағадан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ таратушы ұйымның шығындарынан;

      газ таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен тұрады.

      11. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газға шекті бағаның құрылымы мыналардан:

      тұтынушылардың үшінші тобы үшін саралануы ескеріле отырып, тауарлық газға көтерме бағадан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ таратушы ұйымның шығындарынан;

      газ таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен тұрады (үшінші топ тұтынушылары тауарлық газды тарату желілерінен сатып алған жағдайда).

4–тарау. Тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газға сараланған көтерме бағаларды есептеу

      12. Тауарлық газдың көтерме бағаларын саралау "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына жүзеге асырылады.

      13. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЦдифI = (ЦдозI х k)-Н-Т, мұндағы:

      ЦдифI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      ЦдозI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы сату бағасы (теңге/1000 м3);

      Н - Баға белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтер;

      k – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің сату бағасының өзгеру коэффициенті.

      14. Тұтынушылардың екінші тобы үшін сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЦдифII = (Цозх (Vобщ-год - Vобщ.факт-п/г) - ЦдифIх (VI-год - VIфакт-п/г)) / (VII-год - VIIфакт-п/г)

      мұндағы:

      ЦдифII – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      Vжал – жыл – 1 жылға тауарлық газды өткізудің жалпы жоспарланған көлемі (1000м3);

      Цоз – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тауарлық газдың көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      ЦдифI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      ЦдифIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      VI-жыл – бір жылға тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (1000 м3);

      VII-жыл – бір жылға тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (1000 м3);

      VIII-жыл – бір жылға тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (1000 м3).

      15. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЦдифIII = (ЦдозIII х k2)-Н-Т, мұндағы:

      ЦдифIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      ЦдозIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы босату бағасы (теңге/1000 м3);

      Н – Баға белгілеу қағидаларына сәйкес анықталатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер;

      k2 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тауарлық газды өткізудің сату бағасының өзгеру коэффициенті.

      Реттелетін нарық субъектілерінің тауарлық газына шекті бағаларды тұтынушылар топтары бойынша есептеудің бақылау үлгісі осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.

  Реттелетін нарық субъектілерінің
тауарлық газына шекті бағаларды
есептеу әдістемесіне
қосымша

Реттелетін нарық субъектілерінің тауарлық газына шекті бағаларды тұтынушылар топтары бойынша есептеудің бақылау үлгісі

      Тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газға көтерме бағаларды алғашқы енгізу 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады деп болжайық.

      Мысалы, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап газды өткізудің көтерме бағаларының (к) және (к2) коэффициентінің 7%-ға өзгеруіне байланысты 3%-ды құрады.

      Тұтынушылардың бірінші тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      ЦдифI = (ЦдозI х 1,3)-Н-Т = (27 983 х 1,03)- 1 478 теңге/1000м3-8595 теңге/1000м3=18 749, мұндағы:

      ЦдифI - тұтынушылардың бірінші тобы үшін есептік сараланған сатып алу бағасы (18 749 теңге /1000 м3);

      ЦдозI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы босату бағасы (27 983 теңге /1000 м3);

      Н - газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары (1478 теңге/1000 м3);

      Т – тауарлық газды тасымалдауға арналған бекітілген тариф (8595 теңге/1000 м3).

      Тұтынушылардың екінші тобы үшін сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      ЦдифII = (Цозх (Vобщ-год - Vобщ.факт-п/г) - ЦдифIх (VI-год - VIфакт-п/г)) / (VII-год - VIIфакт-п/г) = (1 112 672 х 20 682 – ( 593 731 Х18 749) –(469 174 Х 22 231))/ 51 768= 28 872 теңге/1000 м3,

      мұндағы:

      Vжал – жыл – 1 жылға тауарлық газды өткізудің жалпы жоспарланған көлемі (1 112 672 мың м3);

      Цоз – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тауарлық газдың көтерме бағасы (20 682 теңге/1000 м3);

      ЦдифI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (18 749 теңге /1000 м3);

      ЦдифIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (28 872 теңге /1000 м3);

      VI-жыл – бір жылға тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің болжамды көлемі (593 731 мың м3);

      VII-жыл – бір жылға тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (51 768 мың м3);

      VIII-жыл – бір жылға тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (467 174 мың м3).

      Тұтынушылардың үшінші тобы үшін сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      ЦдифIII = (ЦдозIII х 1,03)-Н-Т= (31 363 х 1,03)- 1 478 теңге/1000м3-8595 тенге/1000м3, мұндағы:

      ЦдифIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған сатып алу бағасының есебі (22 231 теңге/1000 м3);

      ЦдозIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы босату бағасы (31 363 теңге/1000 м3);

      Н – газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары (1478 теңге/1000 м3);

      Т – тауарлық газды тасымалдауға арналған бекітілген тариф (8595 теңге/1000 м3).