"Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 744 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 қыркүйекте № 14259 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12742 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
      В БЛОГында – Негізгі персонал:
      "Денсаулық сақтау" бөлімінде:
      "
 

В3
 

4
 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
Мейіргер, провизор (фармацевт), денсаулық сақтау сарапшы маманы, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), инженер-медициналық физик, сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, инженер радиохимик, психолог маманы
 

      "
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

В3
 

4
 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
мейіргер, провизор (фармацевт), денсаулық сақтау саласындағы сарапшы-маман, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), инженер-медицина физигі, сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, инженер-радиохимик, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман
 

      ";
      "
 

В4
 

4
 

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, медициналық тіркеуші, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, техник-дозиметрист, диеталық мейіргер, нұсқаушы-дезинфектор
 

      "
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

В4
 

4
 

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, медициналық тіркеуші, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, техник-дозиметрист, диеталық мейіргер, нұсқаушы-дезинфектор, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман
 

      ";
      "Білім" бөлімінде:
      "
 

В3
 

1
 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар:
тәрбиеші, логопед, психолог маман, дефектолог
 

2
 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар:
тәрбиеші, логопед, психолог маман, дефектолог
 

3
 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар:
тәрбиеші, логопед, психолог маман, дефектолог
 

      "
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

В3
 

1
 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар:
тәрбиеші, логопед, психолог маман, дефектолог, зертханашы
 

2
 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар:
тәрбиеші, логопед, психолог маман, дефектолог, зертханашы
 

3
 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар:
тәрбиеші, логопед, психолог маман, дефектолог, зертханашы
 

4
 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: тәрбиеші, логопед, психолог маман, дефектолог, зертханашы
 

      ";
      "
 

В4
 

1
 

Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар:
барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы
 

2
 

Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар:
барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы
 

3
 

Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар:
барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы
 

4
 

Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы
 

      "
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

В4
 

1
 

Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар:
барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, зертханашы
 

2
 

Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар:
барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, зертханашы
 

3
 

Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар:
барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, зертханашы
 

4
 

Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, зертханашы
 

      ";
      С БЛОГында – Әкімшілік персонал:
      "
 

С3
 


Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: бухгалтер, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, барлық мамандықтағы инженерлер, менеджер, экономист, заңгер консультант, нұсқаушы, инспектор, мастер, әдіскер, механик, аудармашы, мұрағатшы, кітапханашы, биохимик, статистик, программист (АТ-маманы, жүйелік әкімші), энергетик, барлық атаудағы техник, технолог, музыкалық жетекші
Мемлекеттік мекемеге және қазыналық кәсіпорынға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің:
бюроның, гараждың, іс жүргізудің, сақтау камерасының, кеңсенің, жылу қазандығының, жатақхананың, кір жуатын орынның, қойманың, шаруашылықтың, бөлімнің, сүт асханасының басшысы
 

      "
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

С3
 


Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: бухгалтер, барлық мамандықтағы инженерлер, менеджер, экономист, заңгер консультант, нұсқаушы, инспектор, мастер, әдіскер, механик, аудармашы, мұрағатшы, кітапханашы, биохимик, статистик, программист (АТ-маманы, жүйелік әкімші), энергетик, барлық атаудағы техник, технолог, музыкалық жетекші
Мемлекеттік мекемеге және қазыналық кәсіпорынға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің:
бюроның, гараждың, іс жүргізудің, сақтау камерасының, кеңсенің, жылу қазандығының, жатақхананың, кір жуатын орынның, қойманың, шаруашылықтың, бөлімнің, сүт асханасының басшысы
 

      ".
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


      Денсаулық сақтау және


      әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова