"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қыркүйекте № 14212 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 08.12.2016 № 95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 306 "Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшін төлем төлеу ставкалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3721 тіркелген, 2010 жылғы 14 шілдеде "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкалары", "ставкасы" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырыбы мен мәтіні өзгермейді;
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ Ә. Мауқұлов