"Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан   Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14186 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.11.2016 № 7/58 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 10 бабының 3 тармағына және 24 бабының 6 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 31/212 "Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
      1 тармақтың 3), 4) және 10) тармақшалары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) ассистенттер – келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі- КНӘК) алу үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі ) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар;";
       "4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – КНӘК алу үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жүгінген өтініш берушімен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс - қимыл жасайтын адамдар;";
      "10) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);".
      2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
      әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
      хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін атқарушы
      Г.Бекбосинова
      8 шілде 2016 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Түпқараған аудандық экономика және қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ж.Төлеген
      8 шілде 2016 жыл