Инспекциялау нәтижелері бойынша анықтаманың және анықталған ақаулардың сипаттамасы бар объектілер ведомосінің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 тамызда № 14176 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 653 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.08.2019 № 653 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-1-тармағына және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инспекциялау нәтижелері бойынша анықтаманың;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған ақаулардың сипаттамасы бар объектілер ведомосінің нысандары бекітілсін.

      2. "Инспекциялаудың нәтижесі бойынша анықтаманың және анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектілер ведомосінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 5 наурыздағы № 78 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7522 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 мамырдағы № 65 (2073) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 354 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Инспекциялау нәтижелері бойынша анықтама

      20__жылғы "__" ______________ _____________________

      (қала, облыс, аудан)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (салынып жатқан объектінің атауы, орналасқан жері)

      _____________________________________________________________________

      (инспекциялау жүргізген мемлекеттік құрылыс инспекторының тегі,

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Тапсырыс беруші _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      мекенжайы және телефоны не заңды тұлғалардың атауы, мекенжайы және

      телефоны)

      Бас мердігер_________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      мекенжайы және телефоны не заңды тұлғалардың атауы, мекенжайы және

      телефоны)

      Қосалқы мердігер ____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      мекенжайы және телефоны не заңды тұлғалардың атауы, мекенжайы және

      телефоны)

      Техникалық қадағалау_________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сарапшылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы

      және телефоны, аттестатының нөмірі, алған күні және мамандығы

      не ұйымның атауы, мекенжайы және телефоны, аккредиттеу туралы

      куәліктің нөмірі және алған күні)

      Объектіге барған кезде мынадай жұмыстар жүргізіліп жатты:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ақаулар (қажетінің астын сызу):

      анықталды. Қоса беріліп отырған анықталған ақаулардың сипаттамасы бар

      объектілердің ведомосінде көрсетілді;

      анықталған жоқ.

      Мемлекеттік құрылыс инспекторы _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда), лауазымы, қолы)

      Тапсырыс беруші _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда), лауазымы, қолы)

      Мердігер _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда), лауазымы, қолы)

      Техникалық қадағалау _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда), лауазымы, қолы)

      Анықтама 3 (үш) данада ресімделді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 354 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектінің ведомосі

      (20__жылғы "__" ____________ инспекциялау нәтижелері

      бойынша анықтамаға қосымша)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (салынып жатқан объектінің атауы, орналасқан жері)

Анықталған ақаулардың сипаттамасы

1

2


















      Мемлекеттік құрылыс инспекторы _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда), лауазымы, қолы)

      Тапсырыс беруші _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда), лауазымы, қолы)

      Мердігер _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда), лауазымы, қолы)

      Техникалық қадағалау _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда), лауазымы, қолы)

      Ведомость 3 (үш) данада ресімделді.