"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 тамызда № 14174 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 161 "Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және Ережесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3278 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 26 санында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. "Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Бұхарбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев