Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14144 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 99 санды ұсынысына сәйкес, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қопа ауылдық округінің "Ақмола" қыстағының аумағындағы мүйізді ірі қара малдары арасынан құтыру ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
      2. Байғанин ауданы, Қопа ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 мамыр № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4921 болып тіркелген, 2016 жылы 2 маусымда "Жем Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Қопа ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т.Мухановқа тапсырамын.
      Қопа ауылдық округінің әкімі М.Байтақ