БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және оның қолтаңбасы мен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөрмен (мөртабанмен) расталады.
Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы тиіс, онда жүргізілген залалсыздандыру, импорттаушы елдің осы карантиндік өнімді жеткізу жөніндегі басқа қосымша карантиндік талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер бар болуы тиіс.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Фитосанитариялық сертификатты беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтінім иесінің фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтінім иесінің және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның фитосанитариялық сертификат беру үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ фитосанитариялық сараптаудың, зерттеудің немесе тексеріп қараудың теріс қорытындысы;
4) өтінім иесіне қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің), сондай-ақ өтінім иесінің фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылу туралы соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы;
5) межелі орны бойынша мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды тұлғасына карантинге жатқызылған өнімді бірнеше рет (2 немесе одан да көп) хабарламауы немесе ұсынбауы.»;
11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет- порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_______________ Д. Абаев
2016 жылғы 30 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 29 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 14 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы 11 шілде
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
-Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 маусымдағы
№ 285 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік
объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі қағидаларға
11-қосымша
Нысан
Өсімдіктер карантині бойынша бақылау жүргізу туралы акті
Мен, _____________________________________ өсімдіктер карантині
жөніндегі мемлекеттік инспектор «Өсімдіктер карантині туралы» 1999
жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 29
қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің және
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және
бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалардың негізінде
карантиндік іс-шаралардың орындалуына тексеру жүргіздім
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
_____________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болған жағдайда)).
1. Тексеру барысында анықталды (қандай мерзімде және қандай
құжаттар бойынша тексерілгенін және не анықталғанын көрсету
қажет)_______________________________________________________________
2. Тексеру нәтижесі бойынша қорытынды және өсімдіктер карантині
жөніндегі мемлекеттік инспектордың нұсқамасы (орындалуы міндетті іс-шараны, мерзімін, орындауға жауапты адамдарды көрсету қажет)
_____________________________________________________________________
Акт 2 данада жасалды - оның біріншісі заңды немесе жеке тұлға
өкіліне беріледі, екіншісі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік
инспектордың тапсырмасын және нұсқамасын орындауды тексергеннен кейін
карантиндік инспектордың ісінде қалады, орындалмаған жағдайда
хаттама толтырылады.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор __________
Актінің бірінші данасын алдым
Иесі (өкілі) __________________________________________________
Күні __________________________________________________________
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор
нұсқамасының орындалуын тексеру нәтижесі
Тексеру жүргізілді, ________________________ иесінің (өкілінің)
қатысуымен __________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Тексеруде анықталды (тапсырмалардың орындалуы (орындалмауы): ________
_____________________________________________________________________
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор __________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Иесі (өкілі) ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))