"Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 тамызда № 14064 болып тіркелді

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12464 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 желтоқсанында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Абоненттік нөмірді көшіру реципиентке қызмет көрсету пунктіне абоненттің осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге өтінімді (бұдан әрі - өтінім) беруі арқылы жүзеге асырылады.
      Абоненттің таңдауы бойынша абоненттік нөмірді көшіру күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады.
      Кейінге қалдырылған өтінім бойынша абоненттік нөмірді көшіру мүмкіндігі абоненттің өтінімінде көрсетілетін күнге сәйкес жүзеге асырылады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Абоненттік нөмірді көшіру мынадай шарттар болған кезде жүзеге асырылады:
      1) реципиентпен АНОДҚ-ға ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге сұраудың дұрыс толтырылуы. Бұл ретте, дұрыс толтыру өтінімге сәйкес сұраудың дұрыс және анық толтырылуын білдіреді;
      2) абоненттің дербес деректерінің дұрыстығы. Бұл ретте, дұрыстығы өтінімде көрсетілген ЖСН және (немесе) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі/заңды тұлғаның БСН донор мен абонент арасындағы ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартта көрсетілген деректермен сәйкес келуін білдіреді;
      3) абоненттік нөмірді көшіру мүмкіндігін растау – қателікпен көшіру жағдайларын қоспағанда, соңғы көшіру сәтінен бастап кемінде күнтізбелік 60 (алтпыс) күн өтті;
      4) абоненттік нөмірді көшіруге белсенді өтінімдердің болмауы;
      5) донордың тексеру сәтінде кредиттік тәртіпте есеп айырысулары бар абоненттер үшін донормен жасалған ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт бойынша берешектің болмауы;
      6) ұялы байланыс операторының роуминг-әріптесі нақты уақыт режимінде қосылулардың ұзақтығын қадағалауға мүмкіндік беретін жүйелерді (жабдықты және билингті жүйені) пайдаланбаған кезде донормен жасасқан байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт бойынша донордың тексеру сәтінде аванстық есеп айырысулары бар абонентте роуминг қызметтері үшін берешектің болмауы;
      7) көшірілетін абоненттік нөмірлер үшін алынған абоненттік құрылғылар бойынша абоненттің донор алдындағы шарт бойынша міндеттемелердің болмауы.»;
      9-тармақ 2) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Тексеру нәтижелері бойынша донор абоненттік нөмірді көшіру туралы реципиенттің сұрауын растайды немесе АНОДҚ-ға осы Қағидалардың 7-тармағының 2), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген абоненттік нөмірді көшіру талаптарын сақтамаған кезде абоненттік нөмірді көшіруден бас тарту туралы еркін нысандағы хабарламаны жібереді.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Донордың абоненттік нөмірді көшіру туралы сұрауды қарау нәтижелері бойынша реципиент абонентке абоненттік нөмірді көшіруді растау туралы SMS жібереді. Донор осы Қағидалардың 7-тармағы 2), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген абоненттік нөмірді көшіру талаптарын сақталмаған кезде абоненттік нөмірді көшіруден бас тартқан жағдайда, реципиент бас тарту себебін көрсете отырып, SMS жіберу арқылы абонентті көшіруден бас тарту туралы хабарландырады.»;
      45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. Абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшірген кезде абоненттің дербес шотында жұмсалмаған ақшалай қаражаты анықталған жағдайда, ақшалай қаражаты қайтару Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларының 43-бабының төртінші бөлігіне сәйкес абоненттің өтініші негізінде жүргізіледі.
      46. Көшірілген абоненттік нөмірді жаңа иесінің атына қайта тіркеу жағдайларын қоспағанда, реципиентпен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт бұзылған кезде көшірілген абоненттік нөмір бастапқы операторға 1 (бір) жұмыс күн ішінде қайтаруға жатады.
      Бұл ретте, реципиент АНОДҚ-ға абоненттік нөмірді бастапқы операторға қайтару туралы сұрауды жібереді.»;
      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар
             министрі                             Д. Абаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 1 шілде

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және    
коммуникациялар  
министрінің    
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 16 бұйрығына   
қосымша      

Ұялы байланыс желілерінде
абоненттік нөмірді көшіру
қағидаларына қосымша 

Нысан

____________________________________________
____________________________________________
____________________________________________
(реципиент-оператордың атауы)        
____________________________________________
____________________________________________
(абоненттің Тегі, Аты, Әкесінің аты    
(бар болған кезде), тұрғылықты       
мекенжайы, абоненттің байланыс нөмірі)  

Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге
өтінім

      Абоненттік нөмірді төменде келтірілген мәліметтердің негізінде
__________________ -дан _____________________ -ға көшіруді сұраймын:
(донор-оператордың атауы)  (реципиент-оператордың атауы)

Абоненттің Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған кезде) / ұйымның атауы


Жеке басты куәландыратын құжат/тіркеу органы берген заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама


ЖСН /БСН


Абоненттік нөмір/ абоненттік нөмірлердің тізбесі


Көшіру күні (егер көшіруге өтінім кейінге қалдырылса толтырылады)


Абоненттік нөмірді көшіруден бас тартуға негіздеме болмаған кезде:

Донор-оператормен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты бұзуды сұраймын

___________________
(донор-оператордың атауы)

Көшірілген абоненттік нөмірді тарифтік жоспарға қосуды сұраймын:

___________________
(тарифтік жоспардың атауы)
________________________
(тарифтік жоспардың коды)

Абонент толтырады

      Мен, ________________ (абоненттің Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған кезде) абоненттік нөмірді көшіруді жүзеге асыру мақсатында реципиент-операторға, донор-операторға, АНОДҚ операторына «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді өңдеуге өз келісімімді беретінімді растаймын.

___________________
(абоненттің қолы)

Заңды тұлға-абонент толтырады

      Абоненттік нөмірлерді толығымен көшіруді таңдау.
      НЕМЕСЕ
      Абоненттік нөмірлерді ішінара көшіруді таңдау.

________

________

Абоненттің Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған
кезде)                                                          Қолы

Реципиент-оператордың
жауапты тұлғасының лауазымы               Тегі, Аты,Әкесінің аты (бар
                                                        болған кезде)

Қолы
Күні
Ұйым мөрі