Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжат – шетелдік заңды тұлға үшін;
4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат – шетелдік жеке тұлға үшін;
5) экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органы берген өнiмдi шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжат;
6) көрсетілетін қызметті алушы мемлекетінің заңнамасына сәйкес өнiмнiң транзитiне байланысты қызметтi жүзеге асыруға берілген құқықты растайтын құжат;
7) сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары, сондай-ақ өнiмнiң номенклатурасы және көлемi (заттай және құндық мәндегi) көрсетілген өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;
8) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;
9) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiнің бұзушылығы айқындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi әрекеттерiне байланысты шығыстарды, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiлігiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын құжат;
10) өтiнiш берушiнiң транзитпен ауысатын өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi көрсетілген (заттай және құндық мәндегi) жеке қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенiн растайтын құжат және жеке қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжат;
өнімді физикалық қорғауды әскери көлікпен алып жүретін қарауыл жүзеге асырған жағдайда, мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде әскери көлікті алып жүретін қарауыл қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қаруының түрі (маркасы), қарудың нөмірі және калибрі әр әкелінетін қару бірлігіне оқ-дәрі саны көрсетіле отырып, әскери көлікпен алып жүретін қарауыл туралы ақпаратты ұсыну қажет;
11) егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, өнiмдi жүк жөнелтушiнiң бұл жүктi қайтадан қабылдауға келiсiмiн растайтын құжат;
12) қауіпсіздік паспорты ("Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты);
13) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
14) 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат – қауіпті жүктердің транзиттік тасымалын автомобиль көлігімен жүзеге асырған кезде.
3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) 10), 11), 12) және 13) тармақшаларда көрсетiлген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне аудармасымен, сондай-ақ 9) және 11) тармақшаларды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелерімен қоса берiледi.
Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы көрсетілетін қызметті алушы болып шығатын жағдайда:
3), 6), 8) және 9) тармақшаларда көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
7) тармақшада көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнiмдi жеткiзу қажеттiлiгiн негiздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады.
порталға:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттың электрондық көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;
3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;
4) экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органы берген өнiмдi шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушы мемлекетінің заңнамасына сәйкес өнiмнiң транзитiне байланысты қызметтi жүзеге асыруға берілген құқықты растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары, сондай-ақ өнiмнiң номенклатурасы және көлемi (заттай және құндық мәндегi) көрсетілген өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;
7) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттың электрондық көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiнің бұзушылығы айқындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi әрекеттерiне байланысты шығыстарды, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiлігiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
9) өтiнiш берушiнiң транзитпен ауысатын өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi көрсетілген (заттай және құндық мәндегi) жеке қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенiн растайтын құжат және жеке қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
өнімді физикалық қорғауды әскери көлікпен алып жүретін қарауыл жүзеге асырған жағдайда, мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде әскери көлікті алып жүретін қарауыл қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қаруының түрі (маркасы), қарудың нөмірі және калибрі әр әкелінетін қару бірлігіне оқ-дәрі саны көрсетіле отырып, әскери көлікпен алып жүретін қарауыл туралы ақпаратты ұсыну қажет;
10) егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, өнiмдi жүк жөнелтушiнiң бұл жүктi қайтадан қабылдауға келiсiмiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
11) қауіпсіздік паспорттың электрондық көшірмесі ("Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты);
12) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
13) 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың электрондығ көшірмесі – қауіпті жүктердің транзиттік тасымалын автомобиль көлігімен жүзеге асырған кезде.
2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) 9), 10), 11) және 12) тармақшаларда көрсетiлген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне аудармасымен, сондай-ақ 8) және 10) тармақшаларды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелерімен қоса берiледi.
Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы көрсетілетін қызметті алушы болып шығатын жағдайда:
2), 5), 7) және 8) тармақшаларда көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
6) тармақшада көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнiмдi жеткiзу қажеттiлiгiн негiздейтiн құжаттар ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.";
9-тармақтың 3) тармақшасының сегізінші абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.";
9-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.";
9-тармақтың 3) тармақшасының сегізінші абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.";
9-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________ Д. Абаев
2016 жылғы 24 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 30 маусым
Өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш
1. Рұқсат № | |||
2. Көрсетiлетiн қызметтi алушы _______________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі, көрсетілетін қызметті алушыны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нөмірі және берілген күні – жеке кәсіпкер үшін; заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрі, шетелдік заңды тұлғаның филиалының немесе өкілеттілігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, орналасқан орны). | |||
3. Жүк жөнелтушi (заңды мекенжайы, телефоны) | 6. Жүк жөнелтушiнiң елi | ||
4. Жүк алушы (заңды мекенжайы, телефоны) | 7. Бару елi | ||
5. Көрсетiлетiн қызметтi алушының елi | 8. Қолданылу мерзiмi | ||
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті/ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары кіру шығу | 10. Көлiк түрi | ||
11. Төлем валютасы | |||
12. Өнімнің атауы және толық сипаттамасы | 13. Тауардың ЕЭК СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бiрлiгi | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасымен, теңгемен, доллармен (USD) |
14. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды | 16. Саны | ||
18. Рұқсат сұрау үшiн негiз (келiсiмшарттың №, оған қол қойылған күнi) | 19. Келiсiлдi | ||
20. Көрсетiлетiн қызметтi алушы ұйымнан (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Лауазымы, қолы, МО (болған жағдайда), күнi) | 21. Көрсетiлетiн қызметтi беруші Өтiнiш 20_____ жылы " "_____ қарауға қабылданды | ||
22. Сақтандыру полистерiнiң нөмiрлерi, сақтандыру компаниясының атауы | |||
23. Рұқсаттың ерекше шарттары |
Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде
қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі
туралы мәліметтер
Көрсеткіштер | Көрсеткіш мазмұны | Ескертпе |
Жүктің толық атауы | ||
Өлшем бірлігі | ||
Саны | ||
Қауіптілік сыныбы | ||
БҰҰ коды | ||
ҮЖН коды | ||
ЕЭК СЭҚ ТН коды | ||
Көрсетiлетiн қызметтi алушы ұйымның толық атауы, толық заңды мекенжайы, телефондары | ||
ҚР аумағы бойынша экспедитор ұйымның толық атауы, толық заңды мекенжайы, телефондары | (әуе және су көлігімен тасымалдау кезінде қажет етілмейді) | Шарттың көшірмесі қоса беріледі |
Жүктерді күзету ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, келісімшарттың нөмірі және күні, жүктің осы түрін күзетуге беру туралы мәліметтер | (әуе және су көлігімен тасымалдау кезінде қажет етілмейді) | Шарттың көшірмесі қоса беріледі |
Көлік түрі көрсетілсін: | ||
Жүк жөнелтуші ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны | ||
Жүк қабылдаушы ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны | ||
Тасымалдау бағыты: | ||
Жөнелтуші станцияның (бекеті, айлағы, әуежайы) атауы, елі | ||
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кіру кезіндегі өткізу бекетінің (станцияның, айлақтың, әуежайдың) атауы | ||
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалу бағыты | ||
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шығу кезіндегі өткізу бекетінің (станцияның, айлақтың, әуежайдың) атауы | ||
Жеткізілу станциясының (бекеттің, айлақтың, әуежайдың) атауы, елі | ||
Тасымалдау мерзімі күні, айы, жылы - күні, айы, жылы | ||
Зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы деректер сақтандыру компаниясының толық атауы, толық заңды мекенжайы, телефондары, сақтандыру полисінің күні және № | ||
Авариялық карточканың нөмірі | Авариаялық карточка қоса беріледі |