"Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14027 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бақанас ауылдық округінің Бақанас ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 7 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бақанас ауылдық округінің Бақанас ауылындағы саябаққа "Д. А. Қонаев" атауы берілсін және "Салтанат-1" көшесі "Бап Өмірзақов" көшесіне, "Салтанат-2" көшесі "Юсуп Тілеубайұлы" көшесіне қайта аталсын.
      2. "Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Ахметова Арай Мұратқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Д. Садықбаев