"Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 660 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 шілдеде № 13985 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      "Есіл аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 29/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4073 тіркелген, 2014 жылғы 21 сәуірде "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешімнің көшірмесі Ақмола облыстық Әділет департаментіне жіберілсін.
      3. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
К.Мистриди
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Ағымбаева