Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2026 № 256 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына ресімделген жер учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне беру нысаны мен көлемі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына ресімделген жер учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне беру мерзімділігі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2026 № 256 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 23 шілдеден бұрын қолданысқа енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің орынбасары - | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
2016 жылғы 30 маусым
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына ресімделген жер
учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың
мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі
Ақпараттық жүйеде тіркелетін іс-қимыл (жер учаскесіне құқықтың туындауы/тоқтатылуы және басқалар), оны жүргізу күні | Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркелетін іс-қимыл (есепке алу объектісін енгізу, өзекті ету, алып тастау) | Жер учаскесі бойынша операция жүргізу күн | Құқық иесінің БСН | Құқық иесінің толық атауы | Құқық түрі | Жерлердің санаты | Жер учаскесінің нысаналы мақсаты (орыс тілінде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің бұдан алдыңғы кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің орналасқан жері/мекен жайы (облыс, аудан, көше, үй нөмірі)/мекен жайдың тіркеулік коды (МТК) | Жер учаскесінің алаңы (шаршы метр немесе гектар) | Жер учаскесінің бағалық құны (мың теңге) | Шектеулердің (тыйым салу және басқалар) бар-жоғы туралы мәліметтер | Бонитет балы | Бонитирлеу күні | Жер учаскесінің бөлінетіндігі |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
кестенің жалғасы
Иесіз | Алып қою | Кондоминиум | Объектінің нысаналы мақсаты (мемлекеттік тілде) | Құқықтық қатынастар мерзімі (мемлекеттік тілде) | Құқықтық қатынастар мерзімі (орыс тілде) | Құқық иесінің (компанияның) мекенжайы (мемлекеттік тілде) | Құқық иесінің (компанияның) мекенжайы (орыс тілде) | Экономикалық сипаттамасы | Жер учаскесі шекарасының координат жүйесіндегі бұрылыс нүктелерінің координаттары |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы "30" маусымдағы № 288 бұйрығына 2-қосымша |
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына ресімделген жер
учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың
мемлекеттік электрондық тізіліміне беру мерзімділігі
№ | Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне берілетін деректердің атауы | Деректерді беруді және/немесе оларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін орган | Беру нысаны | Беру мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жер учаскелері бойынша | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Электрондық нысанда | Сұраным бойынша ведомстволық ақпараттық жүйеде есепке алу объектісімен іс-қимыл жүргізілген күннен бастап |