Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7728 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 тамыздағы "Егемен Қазақстан" газетінде № 477-482 (27555) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларды, парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөнінде талаптарға түсетін, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыратын немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ерікті бағдарламаларды іске асыратын қондырғы операторлары қолданады.";
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелген қондырғы операторларының парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау үшін өздерінің әдістемелерін әзірлеуі және қолдануы.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемдерін орындауға тиісті әдістемелері болмаған жағдайда қондырғы операторлары ҚР СТ 2.18-2009 "ҚР МӨЖ. Өлшемдерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі." ұлттық стандарт талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелерін әзірлеуді жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республиканың заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
_____________ А. Рау
2016 жылғы 1 маусым