"2016 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 477 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 маусымда № 13793 болып тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы, 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «2016 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 689 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12010 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2016 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімінде:
      «Дәрілік заттардың тізімі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 213-1 және 213-2 деген жолдарымен толықтырылсын:
      «

213-1

Дасабувир Омбитасвир+
Паритапревир+
Ритонавир

құрамында: үлбірлі қабығымен қапталған таблеткалар 250 мг;
үлбірлі қабығымен қапталған таблеткалар бар 12,5 мг + 75 мг + 50 мг таблеткалар жиынтығы

таблетка

35524,9

213-2

Дексмедетомидин

инфузия үшін дайындауға арналған концентрат 100 мкг/мл

ампула

10359,0

                                                                   ».

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпарат жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін жұмыс он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова