"Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Респу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 маусымда № 13756 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Арыс қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С.Ертай

  Арыс қаласы әкімдігінің "29"
сәуір 2016 жылғы № 147
қаулысына қосымша

Арыс қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Арыс қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 349 "Қылмыстық-атқару қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2354 болып тіркелген, "Арыс ақиқаты" газетінің 2013 жылғы 24 тамыздағы № 35 (5873) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      2. Арыс қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 348 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2355 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2013 жылғы 24 тамыздағы № 35 (5873) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      3. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 629 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3519 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2016 жылғы 16 қаңтар № 3 (5997) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      4. Арыс қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 11 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3534 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2016 жылғы 23 қаңтардағы № 4 (5998) нөмірінде жарияланған) қаулысы.