"Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 11 наурыздағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 мамырда № 13733 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.01.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрінің


міндетін атқарушы

Т. Балықбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      ____________________А.Қ. Дауылбаев

      2016 жылғы 19 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________________Т.Б. Дүйсенова

      2016 жылғы "___"________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрінің міндетін атқарушы

      ____________________Ж.М. Қасымбек

      2016 жылғы 16 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ____________________И.Н. Тасмағамбетов

      2016 жылғы "___"________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      ____________________А. Мұхамедиұлы

      2016 жылғы 4 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      ___________________В.З. Жұмақанов

      2016 жылғы 14 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________________Е.А. Досаев

      2016 жылғы 24 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________________Қ.Н. Қасымов

      2016 жылғы "___"________________



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 11 наурыздағы
№ 194 бұйрығымен
бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 391 бұйрығымен
бекітілген

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

Лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:

1

Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері.


2

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 20%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


3

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне, оның ішінде оқу тілдері бойынша шаққандағы оқу әдебиеті қорының болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу әдебиетінің тізбесі оқу жоспарына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес бекітілген оқу әдебиетінің тізбесіне сәйкес ұсынылады.

4

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

Шағын жинақталған мектептер үшін білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы шарттың болуы.

5

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Шағын жинақталған мектептер үшін білім алушыларға тамақтану объектісін ұсыну туралы шарттың болуы.

6

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректері "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда. ұсынылмайды.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

2. Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:

7

Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері.


8

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 30%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


9

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқу тілдері бойынша, оқу әдебиеті қорының, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу әдебиетінің тізбесі оқу жоспарына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес бекітілген оқу әдебиетінің тізбесіне сәйкес ұсынылады.

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

10

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі. Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

11

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

12

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда ұсынылмайды.

Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

13

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері кабинеттерімен;

интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен; оқу-зертханалық жабдықтармен жарақталуы.


Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақталу туралы біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

3. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:

14

Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері.


15

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 30%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


16

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқу тілдері бойынша оқу әдебиеті қорының, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу әдебиетінің тізбесі оқу жоспарына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес бекітілген оқу әдебиетінің тізбесіне сәйкес ұсынылады.

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер. (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

17

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі. Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

18

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

19

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда ұсынылмайды.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

20

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері кабинеттерімен;

интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен; оқу-зертханалық жабдықтармен жарақталуы.


Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақталуы туралы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары:

21

Оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі.

Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына және тиісті мамандықтың үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұралып отырған мамандыққа сәйкес оқу жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелері.



Оқу жоспарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі туралы біліктілік талаптары уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарындағы тұлғаларды және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытуға арналған жұмыс жоспарларына қолданылмайды.

22

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі (жұмысшы кәсібі болған жағдайда) олардың жалпы санынан кемінде 70%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

23

Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан кемінде 30%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

24

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқу тілдері бойынша оқу әдебиеті қорының, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу әдебиетінің тізбесі оқу жоспарына сәйкес ұсынылады.

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

25

Даярланатын біліктілікті ескере отырып, оқу пәндері кабинеттерімен;

интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен; оқу-зертханалық жабдықтармен жарақталуы.


Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

26

Практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың болуы.

Сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттар көшірмелері.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

27

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі. Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

28

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

29

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар) болуы.


Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда ұсынылмайды.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.


Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

5. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары:

30

Оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі.

Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандартына және тиісті мамандықтың үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұралып отырған мамандыққа сәйкес оқу жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелері.


Оқу жоспарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі туралы біліктілік талаптары уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарындағы тұлғаларды және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытуға арналған жұмыс жоспарларына қолданылмайды.

31

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі (жұмысшы кәсібі болған жағдайда) олардың жалпы санынан кемінде 70%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

32

Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан кемінде 40%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

33

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне шаққандағы оның ішінде оқу тілдері бойынша, оқу әдебиеті қорының, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу әдебиетінің тізбесі оқу жоспарына сәйкес ұсынылады.

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

34

Даярланатын біліктілікті ескере отырып, оқу пәндері кабинеттерімен;

интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен; оқу-зертханалық жабдықтармен жарақталуы.


Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

35

Практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың болуы.

Сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттар көшірмелері.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

36

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі. Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

37

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

38

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар) болуы.


Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда ұсынылмайды.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

6. Діни білім беру бағдарламалары:

39

Жалпы білім беру және діни білім беру пәндері бойынша білім беру бағдарламаларының болуы.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының көшірмелері.


40

Жалпы білім беретін пәндер бойынша -жоғары білімі; бейінді пәндер бойынша - жоғары діни білімі және/немесе дін қызметінде жалпы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, семинарияны немесе медресені бітірген штаттағы оқытушылардың болуы.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


41

Білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорына берген дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі.

42

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда ұсынылмайды.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

43

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақталуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


44

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

45

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


46

Мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сараптама қорытындысының болуы.

Мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытынды хатының көшірмесі.


7. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары:

47

Оқу жоспарының үлгілік оқу жоспарына сәйкестігі.

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және тиісті мамандықтың үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұралып отырған мамандыққа сәйкес оқу жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелері.

Оқу жоспарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі туралы біліктілік талабы мәлімделген жағдайлар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды.

48

Бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

Оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілік арттыруы оқытылатын пәндерінің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі.

49

Оқытушылардың оқу жоспарындағы пәндерге сәйкес болуы, оның ішінде оқытушылардың білімі, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары оқытатын пән бейініне сәйкес болуы.

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылардың жалпы оқытушылар санындағы үлесі – кемінде 80%;

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" мамандықтар тобы үшін кемінде 60%;

авиациялық мамандықтар үшін – кемінде 45%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


50

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар санындағы "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар оқытушылардың үлесі:

ұлттық зерттеу университеттері, зерттеу университеттері үшін кемінде 70%;

ұлттық жоғары оқу орындары үшін кемінде 55%;

университеттер, академиялар үшін кемінде 50%;

институттар (жоғары мектептер, жоғары училищелер, консерваториялар) үшін кемінде 45%;

педагогикалық институттар үшін кемінде 50%;

"Өнер" мамандықтар тобы үшін лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары бар оқытушылар үлесі оқытушылар санынан жалпы санынан кемінде 35%;

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" мамандықтар тобы бойынша:

ұлттық жоғары оқу орындары үшін "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі жалпы оқытушылар санынан кемінде 50% және жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты бар оқытушылардың кемінде 10% болуы, университеттер, академиялар үшін "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі жалпы оқытушылар санынан кемінде 40% және жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты бар оқытушылардың кемінде 10% болуы;

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес оқытушылар үлесі кемінде 40%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


51

Мамандықтың оқу жоспарының базалық және бейінді пәндерін 100% қамтамасыз ететін баспа басылымдары форматындағы;

мамандықтың ("Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтары тобынан басқа) оқу жоспарының базалық және бейінді пәндерін 40% қамтамасыз ететін электронды форматтағы оқу және ғылыми әдебиет қорының болуы. Кітапхана қорында әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша негізгі оқу әдебиетінің соңғы бес жылда;

жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндері бойынша соңғы он жылда басылған баспа басылымдарының форматында болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер. (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

52

Оқу жоспарына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті материалдық -техникалық және оқу-зертханалық базамен, сымсыз технологияларды қоса алғанда кең жолақты интернет желісімен, компьютерлік кабинеттермен жарақтандырылуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

"Сымсыз технологияларды қоса алғанда" біліктілік талабы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды

53

Білім беру ұйымдарының ақылы негізде оқитын бір білім алушыға жұмсайтын ең төменгі шығындарының тиісті оқу жылына жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қарастырылған білім беру грантының немесе мемлекеттік беру тапсырысының мөлшеріне сәйкестігі.

Ағымдағы оқу жылына сұратылып отырған мамандық немесе біліктілік бойынша бір маманға кететін ең төменгі шығын туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


56

Практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың болуы, оның ішінде педагогикалық мамандықтар үшін педагогикалық практика базалары бойынша мектепке дейінгі, және/немесе бастауыш, және/немесе негізгі және/немесе жалпы орта, және/немесе техникалық және кәсіптік, және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен шарттардың болуы.

Сұратылып отырған мамандыққа сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын, практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері.

Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

55

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ оқу корпустарында медицина пункттерінің болуы.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

56

Әр оқу корпусында білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


57

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларының болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке құқығының тіркелгені және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.

Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

8. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары

8.1. "Магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

58

Оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі.

Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандартына және тиісті мамандықтың үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық білім беру кезеңіне әзірленген сұралып отырған мамандыққа сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқу жоспарының көшірмелері.

Оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі туралы біліктілік талабы уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды.

59

Сұратылып отырған мамандыққа және жіктеуішке сәйкес жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру.

Лицензияланатын мамандыққа сәйкес алдыңғы деңгей бойынша лицензияның бар болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензиялардың мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

Біліктілік талабы "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" және "Білім" мамандықтар топтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

60

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа тиісті даярлау бағыттары бойынша білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің болуы.

Білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы толық оқу кезеңін қамтитын келісімдердің көшірмелері.

Шетел тілінде жасалған келісімдер және/немесе шарттар ұсынылған жағдайда, олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариалды расталған нұсқасының қоса берілуі талап етіледі.

61

Тиісті мамандық бойынша лицензиат негізге жұмыс орны болып табылатын бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының болуы; "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтарының тобы үшін –тиісті мамандық бойынша бір ғылым докторының немесе бір ғылым кандидатының немесе философия (PhD) докторының болуы.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


62

Оқытушылардың оқу жоспарындағы пәндерге сәйкес болуы, оның ішінде олардың білімі, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары оқытатын пән бейініне сәйкес болуы. Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар оқытушылар үлесі кемінде 70%;

"Өнер" мамандықтар тобы үшін оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары бар оқытушылар үлесі кемінде 60%;

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес немесе әділет кеңесшісі кластық шенінен төмен емес оқытушылар үлесі кемінде 60%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


63

Сұратылған мамандық бейініне сәйкес "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми журналдарда соңғы 5 жылдағы ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ оқулықтың немесе оқу құралының авторы болып табылатын жетекші мамандардың немесе оқытушылардың магистранттарға ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы.

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті мамандықтар бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


64

Білім беру ұйымының ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттарға сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың болуы.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың және оларға қоса Жұмыстардың техникалық ерекшелігі мен оқытудың толық кезеңін қамтитын Күнтізбелік жоспарының көшірмелері.

Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

65

Оқу жоспарына сәйкес сұратылып отырған мамандық бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы.

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


66

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларының болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке құқығының тіркелгені және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.

Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

67

Білім беру ұйымдарының ақылы негізде оқитын бір білім алушыға жұмсайтын ең төменгі шығындарының тиісті оқу жылына жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қарастырылған білім беру грантының немесе мемлекеттік беру тапсырысының мөлшеріне сәйкестігі.

Ағымдағы оқу жылына сұратылып отырған мамандық немесе біліктілік бойынша бір маманға кететін ең төменгі шығынның сәйкестігі туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


68

Оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық техникалық және оқу-зертханалық базалармен, сымсыз технологияларды қоса алғанда кең жолақты интернет желісімен, компьютерлік кабинеттермен, кітапханамен жарақтандырылуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

"Сымсыз технологияларды қоса алғанда" біліктілік талабы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

69

Магистранттардың практикадан өту үшін отандық ұйымдармен келісілген шарттардың және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту үшін жасалған шарттардың (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа) болуы.

Практика базалары ретінде айқындалған, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен толық оқу кезеңін қамтитын шарттардың көшірмелері.

Шетел тілінде жасалған шарттар ұсынылған жағдайда, олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған, нотариалды расталған нұсқаларын қоса беру талап етіледі.

70

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ оқу ғимараттарында медициналық пункттердің болуы.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

71

Әрбір оқу корпусында білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


8.2. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын (резидентура) білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:

72

Сұратылып отырған мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген оқу жоспарының болуы.

Сұратылып отырған мамандыққа сәйкес тиісті мамандықтың жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген оқу жоспарының көшірмесі.


73

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын және кемінде үш жыл ғылыми- педагогикалық, кемінде бес жыл клиникалық жұмыс өтілі бар, даярлық бейіні бойынша отандық және шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерінде ғылыми жарияланымдарының және оқу құралының авторы болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері бар кемінде екі маманның немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері бар кемінде бір маманның және даярлық бейіні бойынша жоғары дәрігерлік санаты бар бір маманның болуы.

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқу құралдары, көрсетілген тиісті мамандық бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


74

Тиісті клиникалық даярлау мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-әдістемелік, клиникалық, материалдық-техникалық базаларының болуы.

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 12-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша).


75

Оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық техникалық және оқу-зертханалық базалармен, сымсыз технологияларды қоса алғанда кең жолақты интернет желісімен, компьютерлік кабинеттермен, кітапханамен жарақтандырылуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


76

Тыңдаушының бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығындардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығындар деңгейіне сәйкестігі.

Ағымдағы оқу жылына сұратылып отырған мамандық немесе біліктілік бойынша бір маманға кететін ең төменгі шығынның сәйкестігі туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


77

Практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен (ғылыми ұйымдарды қоспағанда) шарттың болуы.

Практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған, толық оқу циклін қамтитын шарттардың көшірмелері.


78

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің, сондай-ақ оқу ғимараттарында медициналық пункттердің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

79

Әрбір оқу корпусында білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


80

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларының болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке құқығының тіркелгені және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.

Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

8.3. Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

81

Сұратылып отырған мамандық бойынша уәкілетті орган бекіткен тиісті мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жоспарының болуы.

Сұратылып отырған мамандыққа сәйкес тиісті мамандықтың жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген оқу жоспарының көшірмесі.


82

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес немесе әділет кеңесшісі кластық шенінен төмен емес оқытушылардың үлесі 100%-дан кем емес.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


83

Кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, даярлық бейіні бойынша отандық басылымдарда, халықаралық конференциялардағы еңбектерде ғылыми жарияланымдардың, оқу құралының авторы болып табылатын әрбір ғылыми даярлау мамандығы бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын кемінде бір ғылым докторының болуы.

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті мамандықтар бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


84

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа, тиісті мамандық бойынша ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін ведомствоаралық келісімдердің болуы.

Ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін келісімдердің көшірмелері.


Шетел тілінде жасалған келісімдер ұсынылған жағдайда, олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариалды расталған аудармасын қоса беру талап етіледі.

85

Оқу жоспарына сәйкес сұратылып отырған мамандық бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы.

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


86

Оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық техникалық және оқу-зертханалық базалармен, кең жолақты интернет желісімен, компьютерлік кабинеттермен, кітапханамен жарақтандырылуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


87

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

88

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


89

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларының болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке құқығының тіркелгені және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.

Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

8.4. "Философия докторы (PhD)" және "бейіні бойынша доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

90

Оқу жоспарының үлгілік оқу жоспарына сәйкестігі.

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және тиісті мамандықтың үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған мамандыққа сәйкес оқу жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелері.

Оқу жоспарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі туралы біліктілік талабы уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды.

91

Оқытушылардың оқу жоспарындағы пәндерге сәйкес болуы, оның ішінде олардың білімі, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары оқытатын пән бейініне сәйкес болуы. Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары бар және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары бар оқытушылардың үлесі кемінде 100 %.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


92

Сұратылып отырған мамандыққа және жіктеуішке сәйкес бакалавриаттың және магистратураның оқу бағдарламаларын іске асыруы.

Лицензияланатын мамандыққа сәйкес алдыңғы деңгей бойынша лицензияның бар болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензиялардың мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

Біліктілік талабы "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" және "Білім" мамандықтар топтарына қолданылмайды.

93

Білім беру ұйымының ұйымдармен және кәсіпорындармен жасасқан шарттары негізінде қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың болуы.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың және оларға қоса жұмыстардың техникалық ерекшелігі мен күнтізбелік жоспарының толық оқу кезеңін қамтитын көшірмелері.


94

Докторантура бағдарламаларын іске асыратын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен және (немесе) ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы шарттардың болуы.

Толық оқу кезеңін қамтитын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың көшірмелері.

Шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық туралы шетел тілінде жасалған келісімдерге қол қойылғаны сияқты мемлекеттік немесе орыс тіліндегі бірдей мәтіндегі нұсқаларына да қол қойылады.

Шетел тілінде жасалған келісімдер және/немесе шарттар ұсынылған жағдайда, олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариалды расталған аудармасын қоса беру талап етіледі.

Сұратылып отырған мамандық бейініне сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері.

95

Оқу жоспарына сәйкес сұратылып отырған мамандық бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы.

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


96

Оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базалармен, сымсыз технологияларды қоса алғанда кең жолақты интернет желісімен, компьютерлік кабинеттермен, кітапханамен жарақтандырылуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


97

Докторанттардың практикадан өту үшін отандық ұйымдармен жасалған шарттардың және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту үшін жасалған шарттардың болуы.

Толық оқу кезеңін қамтитын сұратылып отырған мамандыққа сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері.

Шетел тілінде жасалған шарттар ұсынылған жағдайда, олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған, нотариалды расталған нұсқаларын қоса беру талап етіледі.

98

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ оқу ғимараттарында медицина пункттерінің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

99

Әр оқу корпусында білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


100

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларының болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке құқығының тіркелгені және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.

Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.


      Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын осы біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде қолданылатын қысқартулар мен белгілер:

      1. "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ – берілген, қайта ресімделген, уақытша тоқтатылған, қызметін тоқтатқан және қайта күшіне енген лицензиаттардың лицензиялары туралы мәліметтер бар, лицензиар беретін лицензиялардың орталықтандырылған сәйкестендіру нөмірін қалыптастыратын ақпараттық жүйе;

      2. "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ – жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу және есепке алу саласындағы мәліметтерді автоматты түрде жинауға (енгізуге), өңдеуге, өзектендіруге, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық жүйе.

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
1-қосымша

      Нысан

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (______________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік білімі туралы мәлімет, маман дығы, диплом бойынша біліктілігі, бітірген жылы

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы)

Қосымша жұмыс орны

(қоса атқару)

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет*

Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі*

Дәрігерлік бақылаудан өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы)*

Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)*

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      кестенің жалғасы

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы

Тану/ нострификациялау туралы куәліктің болуы туралы мәлімет (бар болған жағдайда)

Оқытатын пәні



11

12

13

14

15

16

17









      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

      Ескертпе* бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
2-қосымша

      Нысан

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (______________ жағдай бойынша)

Р/с №



Кәсіп, мамандық бойынша оқу пәні, қызмет түрі, оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының бөлімі

Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы)


Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)


Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары) *

Саны кемінде 1 дана


1

2

3

4

5

6







Барлығы:


      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

      Ескертпе *техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін толтырылады

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
3-қосымша

      Нысан

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (______________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі)

Ескертпе

1

2

3





      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
4-қосымша

      Нысан

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (_____________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтану объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Тамақтану объектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтану объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)

1

2

3

4






      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
5-қосымша

      Нысан

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер

      _________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (______________ жағдай бойынша)

Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі)

Үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған кабинеттер, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және спорт залдары), әлеуметтік-тұрмыстық және өзге мақсаттағы үй-жайлардың түрі

Жалпы алаңы (м2)

1

2

3

4






      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

      Ескертпе * Жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде, оқу орынжайының ауданы бойынша біліктілік талабына сәйкестігі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне белгіленген нормаларға сүйеніп жүргізіледі.

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
6-қосымша

      Нысан

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер

Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы

Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер

Кітапхана

Атауы мен ауданы көрсетілген аудиториялар, пән кабинеттері*

Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары*

Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2)

Түрі, саны, шығарылым күні көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі

Мәжіліс залы, спорт залы (м2)

Компьютерлердің жалпы саны көрсетілген компьютерлік сыныптар

1

2

3

4

5

6

7

8










      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

      Ескертпе * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін ақпарат сұралып отырған мамандық немесе біліктілік бөлінісінде беріледі

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
7-қосымша

      Нысан

Ағымдағы оқу жылына арналған сұратылып отырған мамандық немесе біліктілік бойынша бір маманға кететін ең төменгі шығынға сәйкестік туралы мәліметтер *

Мамандықтың атауы

Шығындар сомасы *

4 айға

8 айға

1

2

3





      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

      Ескертпе * магистратура мамандықтары бойынша лицензия алған кезде ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бөлек, бейінді магистратура үшін бөлек шығындардың сомасы жеке көрсетілуі қажет

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
8-қосымша

      Нысан

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Кәсіп, мамандық бойынша оқу пәні

Атауы, жасалған жылы

Авторлары

1

2

3

4






      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
9-қосымша

      Нысан

Лицензияланатын мамандыққа сәйкес алдыңғы деңгей бойынша лицензияның болуы туралы мәліметтер

Р/ с №

Бакалавриат мамандығының атауы

Лицензияның нөмірі, берілген күні

Магистратура мамандығының атауы*

Лицензияның нөмірі, берілген күні

1

2

3

4

5







      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

      Ескертпе * "Философия докторы (PhD)" және "бейіні бойынша доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, ақпарат сұралып отырған мамандық бөлінісінде беріледі

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
10-қосымша

      Нысан

Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тақырыптың атауы

Оқыған орны мен кезеңі

Оқыған ұйымның атауы

Сағаттар саны

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

7









      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
11-қосымша

      Нысан

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті мамандықтар бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер

Р/с №

Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Білімі туралы ақпарат ("ғылым кандидаты" және/немесе "ғылым докторы" ғылыми дәрежесінің және/немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесінің болуы туралы мәліметтер, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер)

Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық)

Жарияланымдар тізбесі

Оқулық немесе оқу құралының атауы

отандық мерзімді басылымдарда

шетелдік мерзімді басылымдарда

халықаралық конференция еңбектерінде

1

2

3

4

5

6

7

8










      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

  Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
12-қосымша

      Нысан

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер *

Ғылыми-зерттеу институтының, клиникалық базасының, ғылыми зертханасының, техникалық паркінің, бизнес-инкубаторының болуы (қажеттісін таңдау)

Орналасқан мекенжайы

Меншік құқығында немесе шарт негізінде

Ескертпе (базаның қызметі туралы қысқаша ақпарат)

1

2

3

4






      Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы) (болған жағдайда)

      Ескертпе * ақпарат сұралып отырған мамандық бөлінісінде беріледі