Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 мамырда № 13680 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 206 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 380 бұйрығының (Нрмативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11210 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық акпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 6 сәуірдегі
№ 353 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының, ведомстволары мен аумақтық бөліністерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атқарушы органдарының басшыларын бағалауды облыс, астана, республикалық маңызы бар қаланың әкімі не қалып бойынша оның орынбасарларының бірі жүргізеді.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;

      3) айналмалы бағалаудан құралады.

      6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрады, кадр қызметі оның жұмыс органы болып табылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып кадр қызметінің қызметшісі табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусның қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:

      1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);

      2) Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының, ведомстволары мен аумақтық бөліністерінің стратегиялық мақсатына (мақсаттарына) бағытталған, ол олар болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.

      Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, "Б" корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.

      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі Министрліктің салыстыруында анықталады.

      3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана кадр қызметіне беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Кадр қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.

      Кадр қызметі бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалу туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратымен, ведомстволармен және аумақтық бөліністермен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әрбір көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Орындау тәртібін бұзуға:

      1) жоғары тұрған органдардың, Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты, ведомстволары мен аумақтық бөліністері басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;

      2) тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;

      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпарат көзі ретінде персоналды басқару қызметі, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, әдеп жөніндегі уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.

      22. Әрбір орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әрбір бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы кадр қызметі және әдіп жөніндегі уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы "Б" корпусы қызметшісімен расталады.

      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

      27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету еңгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің қызметкері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау:

      1) тікелей басшыны;

      2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;

      3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.

      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.

      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде кадр қызметіне жіберіледі.

      33. Кадр қызметі айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.

      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:




– тоқсандық баға;

      a – көтермелеу балдары;

      в – айыппұл балдары.

      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шкала бойынша қойылады:

      80 балдан төмен - "қанағаттанарлықсыз"

      80-нен 105 балға дейін – "қанағаттанарлық"

      106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – "тиімді"

      130 балдан астам – "өте жақсы"

      37. Кадр қызметі "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:




жыл – жылдық баға;

m – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36-тармағында көрсетілген шкаланы есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;


– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);

– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).

      38. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шкала бойынша қойылады:

      3 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";

      3 балдан бастап 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық;

      4 балдан бастап 5 балға дейін – "тиімді";

      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Кадр қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);

      3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда:

      1) егер "Б" корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

      2) "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе бағаны түзетеді

      Бұл ретте Комиссия қызметшілердің қол жеткізген нәтижелерінің мәні, маңыздылығы және өлшемдестігін есепке ала отырып, бағалау қорытындыларын түзетуге құқылы.

      41. Кадр басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

      42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр қызметінде сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратына, ведомстволары мен аумақтық бөліністеріне Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты, ведомстволары мен аумақтық бөліністері екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      49. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      50. "Б" корпусының "қанағаттанарлықсыз" баға алған қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      52. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне 1-қосымша

      Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс
жоспары

      _______________________________________________ жыл

      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):________________________________

      Қызметшінің лауазымы: _______________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      _____________________________________________________________________

р/с

Шаралардың аталуы*

Іс-шараның нәтижесі

1

Іс-шара


2

Іс-шара


3

Іс-шара


4



Қызметші

Т.А.Ә. (болған жағдайда)______

күні _________________________

қолы _________________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

_______________________________

күні __________________________

қолы __________________________

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне 2-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      _____жылғы _____________________тоқсан

      (бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      _____________________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ п/п

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

1








2








3









Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:



Қызметші

Т.А.Ә. (болған жағдайда)______

күні _________________________

қолы _________________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

_______________________________

күні __________________________

қолы __________________________

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне 3-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      _______________________________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      _____________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы:

р/с

Аталуы

Мәні

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін




2

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін




3

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін




4






Қызметші

Т.А.Ә. (болған жағдайда)______

күні _________________________

қолы _________________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

_______________________________

күні __________________________

қолы __________________________

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне 4-қосымша

      Нысан

Айналмалы бағалау нәтижелері

      __________________________________________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      _____________________________________________________________________

р/с

Құзіреттін аталуы

Маңызы

Баға (балл)

Тікелей басшы




1.

Бастамашылығы

2-ден 5 ке дейін


2.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5 ке дейін


3.

Қызметтік әдепті сақтау

2-ден 5 ке дейін



БАРЛЫҒЫ:


Бағынышты адам




1.

Жұмысты жоспарлай білу

2-ден 5 ке дейін


2.

Жұмысқа тарта білу

2-ден 5 ке дейін


3.

Қызметтік әдепті сақтау

2-ден 5 ке дейін



БАРЛЫҒЫ:


Әріптесі




1.

Командада жұмыс істей білу

2-ден 5 ке дейін


2.

Қызметтік әдепті сақтау

2-ден 5 ке дейін



БАРЛЫҒЫ:


  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне 5-қосымша

      Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең

      (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері

р/с

Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі (болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.





2.





...






      Комиссия қорытындысы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы: ________________________________ Күні: ____________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы: _______________________________ Күні: ____________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі: ________________________________ Күні: ____________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)