Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) туралы ереженің 15-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҰЙЫРАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың шеңберінде қабылданған шаралар туралы материалдар мен ақпаратты алмасуды уақтылы қамтамасыз ету мақсатында, Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларының ережелерін уақтылы орындау бойынша жауапты адамдар белгіленсін.
3. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Есеп комитетінің құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара
іс-қимылын қамтамасыз ететін мүшесіне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің
Төрағасы Қ. Жаңбыршин
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы Қ. Қожамжаров
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 6-НҚ нормативтік қаулысымен
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 51 бұйрығымен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 76 бұйрығымен
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрлігінің Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
ұлттық бюросы (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасының
2016 жылғы 26 ақпандағы
№ 20 бұйрығымен бірлесіп
БЕКІТІЛГЕН
Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу
кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит
материалдарын беру қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) мемлекеттік аудит материалдарын (бұдан әрі – мемлекеттік аудит материалдары) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын (бұдан әрі – Бас прокуратура) бір мезгілде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті орган) беру кезінде Есеп комитетінің, Бас прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл рәсімдерін регламенттейді.
2. Осы Қағидалардың мақсаты азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін, ұйымдардың меншігін, құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде қажетті шараларды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Қағидалар жіберілетін мемлекеттік аудит материалдарының және олар бойынша қабылданған процестік шешімдердің анықтығы мен заңдылығы қағидаттарына негізделеді.
4. Есеп комитетінің мемлекеттік аудит материалдарын Бас прокуратураны бір мезгілде хабардар ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдарға беруіне:
1) мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын бұзушылықтарды (бұдан әрі – бұзушылықтар) Есеп комитетінің анықтауы;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдарының және Бас прокуратураның сұрау салуы негіз болып табылады.
5. Есеп комитетіне жіберілетін мемлекеттік аудит материалдарын ұсынуға сұрау салулар осындай сұрау салудың негізін қамтуы тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтитын, сұратылатын мемлекеттік аудит материалдары прокурордың санкцияланған сұрау салуы, не сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде тергеу органдарының қаулысы негізінде беріледі.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдардың және прокуратураның аумақтық органдарының сұрау салулары Есеп комитетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдарының және Бас прокуратураның орталық аппараттары арқылы жіберіледі.
2. Мемлекеттік аудит материалдарын беру тәртібі
7. Есеп комитеті мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша бұзушылықтарды анықтаған кезде мемлекеттік аудит материалдары Есеп комитетінің қаулысы қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚПК) 181-бабы 3-тармағының талаптары сақтала отырып, мәлімет және қадағалау үшін Бас прокуратураны бір мезгілде хабардар ете отырып, қарау және шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
8. Мемлекеттік аудит материалдарын беру Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесімен (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) және қағаз көшірмелерін пошта байланысымен жіберу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар мемлекеттік аудит материалдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жіберіледі. Мемлекеттік аудит материалдарының көлемі үлкен болған жағдайда, ілеспе хатқа қосымшаларды тек қағаз жеткізгіштерде жіберуге рұқсат етіледі.
9. Мемлекеттік аудиттің әрбір материалы бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы көрсетілген жеке ілеспе хатпен жіберіледі.
10. Жүйеленген, тігілген және нөмірленген мемлекеттік аудит материалдарын беру тізімдеме бойынша жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік аудит материалдары Есеп комитеті куәландырған:
1) Есеп комитеті қаулысының (нұсқамасының) көшірмесін;
2) Есеп комитеті мүшесінің аудиторлық қорытындысынан бұзушылықтар фактісіне қатысты үзіндіні;
3) аудиторлық есептің ажырамас бөлігі болып табылатын, онда тіркелген бұзушылық фактілерін растайтын құжаттар қоса беріле отырып, аудиторлық есептің үзіндісін не көшірмесін;
4) мемлекеттік аудит объектісі қарсылықтарының, түсіндірмелерінің және оларға Есеп комитеті жауабының (олар болған жағдайда) көшірмелерін қамтиды.
12. Анықталған фактіге қатысты құжаттардың аудиторлық есепке қоса тіркелмеуі орын алған жағдайда, олардың Есеп комитеті куәландырған көшірмелері берілетін мемлекеттік аудит материалдарына қоса тіркеледі.
13. Есеп комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдардың және Бас прокуратураның сұратқан мемлекеттік аудит материалдарын ҚПК-нің 34-бабының талаптарына сәйкес жазбаша сұрау салу келіп түскен және оның ЭҚАБЖ-да тіркелген кезінен бастап үш күн мерзімде жібереді.
14. Алынған мемлекеттік аудит материалдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда, оларды жиырма төрт сағат ішінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – СДТБТ) тіркеу жөнінде шаралар қабылдана отырып, олар Ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі – АЕК) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен (Құқықтық мемлекеттік нормативтік актілердің тізілімінде № 9744 тіркелді) бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сай «АЕК-те есепке алу» К-1 нысаны бойынша тіркеледі.
15. Жиырма төрт сағат ішінде осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарын Есеп комитетінің сақтауы тексеріледі.
Есеп комитеті осы талаптарды сақтамаған жағдайда сұрау салуды алғаннан кейін үш күнтізбелік күн ішінде оларды толтыру жөнінде шаралар қабылдайды.
16. Есеп комитетінің мемлекеттік аудит материалдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдардың, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асыру үшін Бас прокуратураның бақылауға қоюына жатады.
17. Есеп комитеті мемлекеттік аудитінің тіркелген материалдары бойынша процестік шешімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдар не олардың аумақтық бөлімшелері қабылдайды.
3. Берілген мемлекеттік аудит материалдары бойынша процестік
шешімдер қабылдау туралы ақпарат алмасу
18. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдар Есеп комитетінің мемлекеттік аудит материалдарын АЕК-де, ал одан әрі СДТБТ-да тіркегеннен кейін ҚПК-нің 179 және 180-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кіріседі.
19. Тиісті қаулының көшірмесі қоса беріле отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Есеп комитеті қабылданған процестік шешім туралы хабардар етіледі.
20. Бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдар өз бастамасы тәртібімен сұратылатын Есеп комитетінің мемлекеттік аудит материалдары бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық материалдары туралы Есеп комитетіне хабарлайды.
21. Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес:
қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар фактілерді дербес тіркеу және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін мемлекеттік аудит материалдарынан бөліп алу жағдайлары;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталған өзге де фактілер бойынша шешімдер қабылдау;
Есеп комитетінің мемлекеттік аудит материалдарын сотқа дейінгі іс жүргізудің басқа да материалдарына қосу хабардар етілуге жатады.
22. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған жағдайда, ҚПК-нің 35-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдар, сондай-ақ Бас прокуратура (соның ішінде өз бастамасы тәртібімен сұратылатын материалдар) қабылданған шешімдермен кейіннен Есеп комитетін хабардар ету туралы талап қоя отырып, мемлекеттік аудиттің қажетті материалдарын уәкілетті мемлекеттік органдарға береді. Мемлекеттік аудит материалдарын берудің әрбір фактісі туралы Есеп комитетіне жазбаша нысанда хабарланады.
23. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдар, соның ішінде олардың аумақтық бөлімшелері бір мезгілде Есеп комитетін хабардар ете отырып, өтелген залал (бюджетке өтелген, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, тауарларды жеткізу жолымен қалпына келтірілген және (немесе) есепке алу бойынша көрсетілген кезде) туралы мәліметті осы фактіні растайтын құжаттарымен қоса прокуратура органдарына жібереді.
24. Прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тоқтатылуымен келіскен жағдайда, тиісті негіздер болған кезде келтірілген залалды өтеуге (қалпына келтіруге) ден қою шаралары қабылданады.
25. Бас прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдардың процестік шешімін қадағалау тәртібімен жойған жағдайда, осындай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Есеп комитетіне тиісті ақпарат жібереді.
26. Есеп комитеті Бас прокуратурамен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп, жартыжылдықта бір рет есепті айдан кейінгі айдың 30-нан кешіктірмей, осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша салыстырып тексеру актісіне міндетті түрде қол қоя отырып, берілген мемлекеттік аудит материалдарына қатысты қабылданған процестік шешімдер бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
27. Салыстырып тексеру актісі Есеп комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдарға берген мемлекеттік аудит материалдары бойынша, Бас прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдардың өз бастамасы тәртібімен сұрататын материалдар бойынша жасалады.
28. Салыстырып тексеру актісінің жобасын оларды АЕК-де және СДТБТ-да тіркеу және қабылданған процестік шешімдер туралы Бас прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдардың барлық қолда бар хабарламаларын көрсете отырып Есеп комитеті қалыптастырады және есепті айдан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдарға бір мезгілде жібереді.
29. Салыстырып тексеру актісінің жобасына алдыңғы салыстырып тексеру актілерін жасау кезінде өткен жылдардың түпкілікті процестік шешім қабылданбаған не мұндайды қадағалаушы прокурор жойған материалдары енгізіледі.
30. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдар келіп түскен салыстырып тексеру актісінің жобасын салыстырып тексеру актісінің жобасы толтырылған күнгі жағдай бойынша материалдарды тіркеу және олардың қозғалысы, қабылданған шешімдер, соның ішінде процестік шешімдер туралы мәліметтермен толықтырады.
31. Салыстырып тексеру актісінің жобасында осы Қағидалардың 21, 22-тармақтарына сәйкес қабылданған шаралар туралы деректер көрсетіледі.
32. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдар салыстырып тексеру актісінің жобасын қажетті мәліметтермен толықтырғаннан кейін есепті айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Бас прокуратураға жібереді.
33. Бас прокуратура салыстырып тексеру актісінің жобасы келіп түскен кезден бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның толықтығы мен анықтығына, соның ішінде СДТБТ-ның дерекқорын пайдалана отырып тексеру жүргізеді, сондай-ақ оны процестік шешімдердің заңдылығын тексеру нәтижелері туралы мәліметтермен толықтырады.
34. Бас прокуратура салыстырып тексеру актісінің пысықталған жобасын есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей қол қою үшін Есеп комитетіне жібереді.
35. Салыстырып тексеру актілеріне Есеп комитетінің мүшесі, тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімімен Есеп комитетімен өзара іс-қимыл жасауға жауапты болып белгіленген Бас прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі уәкілетті органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары қол қояды.
36. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың ауыстырылғаны туралы Есеп комитеті алдын ала хабардар етіледі.
37. Салыстырып тексеру актісінде көрсетілуі тиіс мәліметтердің толықтығы қамтамасыз етілмеген жағдайда, жоба үш жұмыс күні ішінде кемшілікке жол берген тиісті орган тарапынан пысықтауға жатады.
38. Қайта келісу көрсетілген кемшіліктер жойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы № 6-НҚ
нормативтік қаулысымен және Қазақстан
Республикасы Бас прокурорының
2016 жылғы 30 наурыздағы № 51,
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 76, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері министрлігі Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық
бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының 2016 жылғы
26 ақпандағы № 20 бұйрықтарымен
бірлесіп бекітілген Сыртқы мемлекеттік
аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу
кезінде анықталған құқық бұзушылықтар
бойынша мемлекеттік аудит материалдарын
беру қағидаларына қосымша
Нысан
Есеп комитеті _______ берген мемлекеттік аудит материалдары
бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) қабылдаған шаралары туралы
САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ АКТІСІ
ЕК толтырады |
|||||||
Р/с |
Есеп комитетінің қаулысы (нұсқамасы) (қабылданған күні, нөмірі, толық атауы) |
Тексерілген мемлекеттік аудит объектісінің атауы |
Материалдарды жіберуге бастамашы |
Бұзушылық фактісінің сипаттамасы |
Берілетін бұзушылық фактісі бойынша сома |
Берілетін бұзушылық фактісі сомасынан аудит барысында өтелгені |
Материалдарды берудің шығыс № мен күні |
___________жылы жіберілген материалдар |
|||||||
кестенің жалғасы
БП, Қаржымині және Ұлттық бюро толтырады |
||||||||
Материалдарды алудың кіріс № және күні |
АЕК № және күні |
СДТБТ № және күні |
Материалдарды беру қағидаларының 14-т. сәйкес қабылданған өзге де шешімдер |
Сотқа дейінгі іс жүргізу тіркелген адамдардың атқаратын лауазымы, АӘТ (болған жағдайда) |
ҚР ҚК б. сотқа дейінгі іс жүргізудің сотқа жіберілген күні |
Сотқа дейінгі іс жүргізудің ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған күні |
Сотқа дейінгі іс жүргізудің ақталатын негіздер бойынша тоқтатылған күні |
Іс жүргізілуде (иә/жоқ) |
кестенің жалғасы
БП, Қаржымині және Ұлттық бюро толтырады |
||||||||||
ҚР ҚПК 45-б. тармақтарының тәртібімен сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеп-тексеру мерзімдерінің тоқтатылған күні және негізі |
Анықталған нұқсанның сомасы (млн. теңге) |
Өтелген нұқсанның сомасы (млн. теңге) |
Қадағалаушы прокурордың қабылдаған шешімі |
кінәлілерді өзге де жауаптылыққа тарту үшін мемлекеттік аудит материалдарын уәкілетті органдарға беру |
оның ішінде |
|||||
ҚР ҚПК 45-бабы 7-бөлігінің 1) тармақшасы бойынша |
ҚР ҚПК 45-бабы 7-бөлігінің 2) тармақшасы бойынша |
ҚР ҚПК 45-бабы 7-бөлігінің 5) тармақшасы бойынша |
ҚР ҚПК 45-бабы 7-бөлігінің 7) тармақшасы бойынша |
өзге де негіздер бойынша |
әкімшілік жауаптылыққа |
тәртіптік жауаптылыққа |
||||
___________жылы жіберілген материалдар |
||||||||||
ҚР Бас прокурорының орынбасары _________________
Есеп комитетінің мүшесі ________________________
Қаржы вице-министрі ____________________________
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
ұлттық бюросы Төрағасының орынбасары ___________