"Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 396 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 мамырда № 13677 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6517 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 8 маусымдағы № 240-243 (26641) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттарға талап етілетін біліктілік талаптарында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидат жоғары білімі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжат түрінде расталуы тиіс азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адам бола алады.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев