Объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 сәуірде № 13615 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 352 "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2883 тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.";
      "2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімде:
      16-тармақта:
      2), 7), 48), 49), 81)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүргізілген мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларының негізінде, өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге тыйым салу немесе рұқсат беру;
      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тарту;
      48) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;
      49) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзу;
      81) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру";
      88) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      16), 20), 33), 47), 53), 62)-тармақшалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      66)-тармақшадағы "сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздер алынып тасталсын;
      71)-тармақшадағы "елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі" деген сөздер алынып тасталсын;
      76)-тармақшадағы "конкурсқа шақыртуға" деген сөздер "тендерге немесе аукционға шығаруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      85)-тармақшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді, қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      "85) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру;".
      мынадай мазмұндағы 92), 93), 94), 95)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "92) болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;
      93) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу;
      94) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын жүзеге асыру;
      95) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу.".
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қаныбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д. Сатыбалды
      Б. Жылқышиев
      С. Қаныбеков
      С. Тұяқбаев
      Е. Садыр
      Ұ. Сәдібеков
      А. Абдуллаев
      К. Мендебаев