"Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3-3/331

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 сәуірде № 13600 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3-3/331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9643 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінің № 249 (28472) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларында:
      көрсетілген қағиданың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – Мемтізілім) – өндірісте шаруашылық пайдалануға ұсынылатын тұқымдарды қамтитын селекциялық жетістіктерінің тізілімі;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемтізілімге селекциялық жетістіктеріне мемлекеттік сынақ өткізу нәтижесі бойынша тұқым стандартына сәйкес келетін шаруашылыққа пайдалы және ауыл шаруашылығы өндірісінде ұсынылған ауыл шаруашылығы малдары тұқымдарының барлық санаттары – ішкі тұқымаралық (аймақтық) және зауыттық типтері, зауыттық желілері мен құстардың кросстары, желілері енгізіледі.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемтізілім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай деректерді көрсете отырып жүргізіледі:
      1) ауыл шаруашылығы малының өнімділік бағыттары бойынша түр атауы мен тұқымдары және Мемтізілімге мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерін қосқан жылы (ұсынған жылы);
      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемтізілімдегі әкімшілік облыстардың реттік нөмірлері;
      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер оригинаторларының реттік нөмірлері.»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2-қосымшасында:
      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында пайдалануға
ұсынылатын мал шаруашылығы    
саласындағы селекциялық     
жетістіктердің мемлекеттік тізілімін
жүргізу қағидаларына     
2-қосымша»;         

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі әкімшілік облыстардың реттік нөмірлері»;
      3-қосымшасында:
      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында пайдалануға
ұсынылатын мал шаруашылығы    
саласындағы селекциялық     
жетістіктердің мемлекеттік тізілімін
жүргізу қағидаларына      
3-қосымша»;        

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер оригинаторларының реттік нөмірлері».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                        А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы _______ М. Құсайынов
2016 жылғы 18 наурыз

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 11 наурыздағы
№ 104 бұйрығына   
қосымша   

Қазақстан Республикасында пайдалануға
ұсынылатын, мал шаруашылығы   
саласындағы селекциялық     
жетістіктердің мемлекеттік тізілімін
жүргізу қағидаларына     
1-қосымша         

Нысан

20__ жылы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі (ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымдарының санаттары)

Пайдалануға ұсынылатын, ауыл шаруашылығы малдарының түрі мен тұқымдарының атауы

Ұсынылған жылы

Ұсыныс берген облыстардың реттік нөмірлері

Оригинатордың реттік нөмірі

1

2

3

4

5