"Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 2 наурыздағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 сәуірде № 13591 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 171 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      __________________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы "____" ___________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________________ Е. Досаев

      2016 жылғы 5 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 2 наурызындағы
№ 90 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
13-қосымша

"Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуден өткені туралы анықтама, көрсетілетін қызметті алушының сұранымы болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқордан үзінді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі–жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      лазерлік станцияларды тіркеу үшін:

      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттардың көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

      3) бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды техникалық сипаттамаларын және сапасын растайтын құжаттардың (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың паспорты және техникалық ерекшелігі) көшірмелері;

      4) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі басылған бұйымдар (құралдар) үлгілерінің әрбір түрінен кемінде екі дана;

      бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тіркеу үшін:

      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттардың көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

      3) бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың техникалық сипаттамасын және сапасын растайтын құжаттардың (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың паспорты және техникалық ерекшелігі) көшірмелері;

      4) бұйымдарды (құралдарды) өндірушілер үшін – Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR) бұйымдардың (құралдардың) тіркеуден өткенін растайтын құжат;

      5) бұйымдардың (құралдардың) әр түрінен кемінде екі дана үлгісі (бұйымдарды (құралдарды) тіркеу кезінде);

      6) атрибуттардың әр түрінен бір данасы (атрибуттарды тіркеу кезінде).

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжайлар бойынша беріледі:

      1) Комитетке 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 605-кабинет, 8 (7172) 55-58-15, 55-59-45 телефондары, priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz электрондық адресі;

      2) Министрлікке 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 301-кабинет, 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63 телефондары.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитетің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық өтінішті жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Лазерлік станцияларды, ауыл
шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіруді жүргізуге арналған
бұйымдар (құралдар) мен
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді эмиссия жөніндегі
дерекқорда тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

      Тіркеуден өткендігі туралы № ___ анықтама

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғанаң тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _____________________________________________________ куәлік берілді

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген) Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және өндірушілерді және/немесе тіркеу қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды және/немесе бұйымдар (құралдардар) атрибуттары және атрибуттар мен өндіруші (қажеттісі сызып көрсетілсін)

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (атауы)

      Қазақстан Республикасында 20__ жылғы _____________ бастап, _________

      (тіркелген күн)

      _________________ дейін №________________ болып тіркелді

      (тіркеу мерзімі) (тіркеу нөмірі)

      Басшы __________________________ ______________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөр орыны (бар болса)

  "Лазерлік станцияларды, ауыл
шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіруді жүргізуге арналған
бұйымдар (құралдар) мен
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді эмиссия жөніндегі
дерекқорда тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      процесингтік орталыққа

      ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      ЖСН/заңды тұлғаның атауы, БСН)

      Мекен жайы ________________________________

      ___________________________________________

      Өтініш

      ______________________________________________________________

      (Лазерлік станциялардың және/немесе ауыл шаруашылығы жануарларын

      бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың және бұйымдар

      (құралдар), атрибуттарының және атрибуттар мен өндірушілердің атауы)

      _____________________________________________ тіркеуіңізді сұраймын.)

      _____________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

      Мыналар қоса берілді:

      1) құжаттар _______________________________________________________

      _________________________________________________________________

      2) бұйымдар (құралдар), атрибуттардың үлгілері ______________

      ________________________________________________________________

      Байланыс телефондары ______________________ E-mail _________________

      Дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын.

      ___________________________________________ "___" _________ 20 __ жыл

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)