БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10762 тіркелді, 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары» деген 1-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4 |
Парламент Аппараты |
Парламент Палатасының аппарат басшысы |
1 |
2000 |
||
Парламенттің аппарат басшысының орынбасары |
1 |
2000 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:
«
6-1 |
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі |
Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы |
1 |
2600 |
||
Жоғары Сот Кеңесі апаратының басшысы |
1 |
2000 |
»;
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7 |
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссия, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл) |
Төраға |
1 |
2600 ********** |
||
Төрағаның орынбасары |
1 |
2600 |
||||
Есеп комитетінің мүшелері |
1 |
2600 |
||||
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері |
5-ке 2 бірлік |
2600 |
||||
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл |
1 |
2600 |
||||
Есеп комитеті аппаратының басшысы |
1 |
2000 |
»;
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
14 |
Министрліктер |
Министр |
1 |
2600********** |
||
Министрдің орынбасары |
1 |
2600 |
||||
Жауапты хатшы |
1 |
2600 |
||||
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы |
1 |
2600 |
||||
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары |
1 |
2600 |
»;
ескертпе ****** және************** мынадай редакцияда жазылсын:
«****** Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы үшін саны 3 бірлік, хаттамалық іс-шараларды дайындауға байланысты қызмет ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттары үшін саны 7 бірлік кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормасы белгіленсін
**************осы заттай нормасы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттiк мекемесiне және «Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық» және «Жоғарғы Сот Кеңесі апаратының» мемлекеттік мекемелеріне де қолданылады.»;
көрсетілген бұйрыққа «Мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары» деген 3-қосымшада:
ескертпе ** мынадай редакцияда жазылсын:
«** заттай нормалар, сондай-ақ:
Жоғары Сот алқасының төрағасына, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасына, Жоғарғы Соттың судьяларына, Конституциялық Кеңестің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелеріне, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелеріне, Жоғары Сот Кеңесінің (лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда) аппаратына, Конституциялық кеңес аппаратының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Жоғарғы Сотының, Жоғары Сот Кеңесінің, Бас прокуратураның, Президенттің Іс басқармасының басшыларына қолданылады;»;
көрсетілген бұйрыққа «Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары» деген 4-қосымшада:
ескертпе * және ** мынадай редакцияда жазылсын:
«*заттай нормалар, сондай-ақ:
адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органға, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасына қолданылады;
** заттай нормалар сондай-ақ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелеріне, Жоғарғы Соттың судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелеріне, Жоғары Сот Кеңесінің (лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда) аппаратына, Конституциялық кеңес аппаратының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Жоғарғы Сотының, Жоғары Сот Кеңесінің, Бас прокуратураның, Президенттің Іс басқармасының басшыларына қолданылады;».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық, әрекеті 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 14-жолды қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов