"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 668 бұйрығына ө

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 ақпандағы № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13479 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 42/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.03.2018 № 42/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 668 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11667 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінде:

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінде:

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне (Е.М. Шаймағамбетов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағындағы 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау