«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 43 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9783 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереженің 16-тармағына және 21-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Есіл ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Сарыарқа ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Н.А. Асылбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
4) осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитеті төрағасының
міндетін атқарушы Ж. Бекшин
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2016 жылғы 11 ақпандағы
№ 18-НҚ бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тиісті аумақта тамақ өнімдерін өткізу сатысындағы олардың қауіпсіздігі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) салааралық үйлестіруді, бақылау-қадағалау, іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарманың аумақтық бөлімшелері жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
5. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Желтоқсан көшесі, 46.
8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Басқармаға мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
12. Басқарманың міндеттері:
1) тиісті аумаққа тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша тиісті аумақта мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) өз құзыретінің шегінде Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
13. Басқарманың функциялары:
1) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен реттелетін саладағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) тексерулердің, бақылаудың өзге нысандарының және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру;
3) халықтың кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
5) йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу;
6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
7) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
8) реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың, жобалардың, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
9) тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
10) өз құзыретінің шегінде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
11) тиісті аумақты инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
12) өз құзыретінің шегінде жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптау жүргізу;
13) жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарына, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарттарына тексеру жүргізу;
14) тиісті аумақта өз құзыретінің шегінде мемлекеттік қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру;
15) тұрғындарға профилактикалық егулердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
16) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тағамға биологиялық белсенді қоспалардың практикаға енгізілуін және олардың қолданылуын бақылауды жүзеге асыру;
17) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
18) тиісті деректер банкін қалыптастыра отырып, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, есепке алу және статистика жүргізу;
19) инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүргізу;
20) тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
21) тағамға биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасын бақылауды жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану;
23) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
24) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсерін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнімнің құнына өтемақы төлемей, оны жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті көлемдерде өнімдердің сынамаларын алу және үлгілерін іріктеу;
25) мемлекеттік органдар қабылдаған реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
26) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы ұйғарымдарды беру;
27) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке, лауазымды, заңды тұлғаларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шақыру;
28) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;
29) инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуының әлеуетті көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттете отырып, зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін медициналық тексеруге жіберу;
30) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсетімдері бойынша емдеуге жатқызуға жіберу;
31) өз құзыретінің шегінде реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында бақылауды жүзеге асыру;
33) тиісті аумақта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында радиациялық бақылауды жүзеге асыру;
34) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы қабылдау;
35) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұру;
36) өз құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуына тексеру жүргізу;
37) үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді талап ету;
38) шектеу іс-шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеу;
39) Қазақстан Республикасының реттелетін саладағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
40) инфекциялық аурудан еркін немесе инфекциялық аурудың таралу деңгейі төмен аумақты немесе оның бөлігін айқындау бойынша ұсыныстар беру;
41) реттелетін саладағы мәселелер бойынша өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
42) құзыретінің шегінде санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемін анықтау және өзгерту;
43) объектілерде оларды жүргізу шығыстары республикалық бюджеттен өтелетін зертханалық және құрал-саймандық зерттеулердің көлемін айқындау;
45) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ведомствоға жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.
14. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, үкіметтік емес ұйымдардан реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
2) реттелетін саладағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;
3) жеке және заңды тұлғалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;
4) реттелетін саладағы заңды және жеке тұлғаларға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру;
5) реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;
6) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттілігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
8) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;
10) электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыру;
11) жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
15. Басқармаға басшылықты аудандық басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
16. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Басқарманың қызметкерлерін наградтау, көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдіреді және ұсыныс жібереді;
2) Департаменттің аудандық басқармасы басшысының орынбасарын қоспағанда, Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін және жауапкершілігін айқындайды, сондай-ақ олардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың бұйрықтарына қол қояды;
4) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
17. Басқарманың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
4. Басқарманың мүлкi
18. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
19. Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ өзінің қызметі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер нәтижесінде алынған (ақша табысын қоса алғанда) мүлік есебінен қалыптасады.
20. Басқармаға бекiтіліп берілген мүлiк республикалық меншікке жатады.
21. Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен айыруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2016 жылғы 11 ақпандағы
№ 18-НҚ бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Есіл ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Есіл ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тиісті аумақта тамақ өнімдерін өткізу сатысындағы олардың қауіпсіздігі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) салааралық үйлестіруді, бақылау-қадағалау, іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарманың аумақтық бөлімшелері жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
5. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Желтоқсан көшесі, 46.
8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Есіл ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Басқармаға мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
12. Басқарманың міндеттері:
1) тиісті аумаққа тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша тиісті аумақта мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) өз құзыретінің шегінде Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
13. Басқарманың функциялары:
1) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен реттелетін саладағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) тексерулердің, бақылаудың өзге нысандарының және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру;
3) халықтың кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
5) йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу;
6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
7) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
8) реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың, жобалардың, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
9) тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
10) өз құзыретінің шегінде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
11) тиісті аумақты инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
12) өз құзыретінің шегінде жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптау жүргізу;
13) жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарына, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарттарына тексеру жүргізу;
14) тиісті аумақта өз құзыретінің шегінде мемлекеттік қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру;
15) тұрғындарға профилактикалық егулердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
16) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тағамға биологиялық белсенді қоспалардың практикаға енгізілуін және олардың қолданылуын бақылауды жүзеге асыру;
17) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
18) тиісті деректер банкін қалыптастыра отырып, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, есепке алу және статистика жүргізу;
19) инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүргізу;
20) тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
21) тағамға биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасын бақылауды жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану;
23) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
24) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсерін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнімнің құнына өтемақы төлемей, оны жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті көлемдерде өнімдердің сынамаларын алу және үлгілерін іріктеу;
25) мемлекеттік органдар қабылдаған реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
26) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы ұйғарымдарды беру;
27) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке, лауазымды, заңды тұлғаларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шақыру;
28) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;
29) инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуының әлеуетті көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттете отырып, зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін медициналық тексеруге жіберу;
30) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсетімдері бойынша емдеуге жатқызуға жіберу;
31) өз құзыретінің шегінде реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында бақылауды жүзеге асыру;
33) тиісті аумақта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында радиациялық бақылауды жүзеге асыру;
34) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы қабылдау;
35) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұру;
36) өз құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуына тексеру жүргізу;
37) үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді талап ету;
38) шектеу іс-шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеу;
39) Қазақстан Республикасының реттелетін саладағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
40) инфекциялық аурудан еркін немесе инфекциялық аурудың таралу деңгейі төмен аумақты немесе оның бөлігін айқындау бойынша ұсыныстар беру;
41) реттелетін саладағы мәселелер бойынша өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
42) құзыретінің шегінде санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемін анықтау және өзгерту;
43) объектілерде оларды жүргізу шығыстары республикалық бюджеттен өтелетін зертханалық және құрал-саймандық зерттеулердің көлемін айқындау;
45) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ведомствоға жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.
14. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, үкіметтік емес ұйымдардан реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
2) реттелетін саладағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;
3) жеке және заңды тұлғалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;
4) реттелетін саладағы заңды және жеке тұлғаларға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру;
5) реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;
6) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттілігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
8) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;
10) электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыру;
11) жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
15. Басқармаға басшылықты аудандық басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
16. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Басқарманың қызметкерлерін наградтау, көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдіреді және ұсыныс жібереді;
2) Департаменттің аудандық басқармасы басшысының орынбасарын қоспағанда, Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін және жауапкершілігін айқындайды, сондай-ақ олардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың бұйрықтарына қол қояды;
4) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
17. Басқарманың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
4. Басқарманың мүлкi
18. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
19. Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ өзінің қызметі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер нәтижесінде алынған (ақша табысын қоса алғанда) мүлік есебінен қалыптасады.
20. Басқармаға бекiтіліп берілген мүлiк республикалық меншікке жатады.
21. Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен айыруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2016 жылғы 11 ақпандағы
№ 18-НҚ бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Сарыарқа ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Сарыарқа ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тиісті аумақта тамақ өнімдерін өткізу сатысындағы олардың қауіпсіздігі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) салааралық үйлестіруді, бақылау-қадағалау, іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарманың аумақтық бөлімшелері жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
5. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Желтоқсан көшесі, 46.
8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астана қаласы Сарыарқа ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.