«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «2016 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12010 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2016 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне:
«Дәрілік заттардың тізімі» деген тарауында:
реттік нөмірлері 47, 73, 203, 380, 786 деген жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірлері 20, 21, 22, 99, 137, 139, 140, 227, 424, 460, 598, 646, 711 деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
20 |
Альбумин |
10 % инфузияға арналған ерітінді, 20 мл |
ампула |
3124,4 |
21 |
Альбумин |
10 % инфузияға арналған ерітінді, 50 мл |
құты |
7009,57 |
22 |
Альбумин |
20 % инфузияға арналған ерітінді, 100 мл |
құты |
19971,55 |
»;
«
99 |
В гепатитіне қарсы вакцинамен, инактивирленген полиомиелитке қарсы рекомбинантты вакцинамен және b типті гемофилиялық инфекцияға қарсы вакцинамен құрамдастырылған дифтерия-сіреспе-жасушасыз көкжөтел вакцинасы |
Вакцинациялар құрамында құрамдастырылған: жасушасыз көкжөтел компоненті бар дифтерия - сіреспе, В вирусты гепатиті, инактивриленген полиомиелти, b типіндегі гемофильді инфекция, 1 дозада |
доза |
15576,53 |
»;
«
137 |
Галсульфаза |
инъекцияға арналған ерітінді 1 мг/мл, 5 мл |
құты |
674111,77 |
»;
«
139 |
Гемцитабин |
инфузияға ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 1000 мг |
құты |
7725,40 |
140 |
Гемцитабин |
инфузияға ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 200 мг |
құты |
3210,00 |
»;
«
227 |
Изониазид |
инъекцияға арналған ерітінді 10%, 5 мл |
ампула |
55,52 |
424 |
Митоксантрон |
инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат немесе инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/5 мл |
құты |
26217,14 |
»;
«
460 |
Оксалиплатин |
инфузиялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ/лиофилизат 50 мг/ инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 5 мг/мл 10 мл |
құты |
3181,13 |
»;
«
598 |
Севофлуран |
ингаляцияға арналған сұйықтық/ерітінді 250 мл |
құты |
48244,59 |
646 |
Тиопентал натрийі |
инъекцияға ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 1000 мг |
құты |
716,90 |
»;
«
711 |
Хлорамфеникол |
инъекцияға ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мг |
құты |
428,00 |
»;
«Медициналық мақсаттағы бұйымдар» деген тарауында:
реттік нөмірлері 200, 201 деген жолдар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішіндегі оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық нормативтік құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова